Бабенко Александр Витальевич – Павлодар ауданының әкімі

Бабенко Александр Витальевич 1966 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Павлодар ауданы Чернорецк ауылында дүниеге келді.

1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдады.

2005-2007 жылдары Мәскеу қаласында РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясында МВА бағдарламасы бойынша білім алды.

2007 жылы «Құқықтану» мамандағы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолын 1983 жылы Қазақстан Республикасының ІІМ бастап, онда 1992 жылға дейін жұмыс істеді.

1992-1994 жылдары жеке бизнеспен айналысты;

1994-2004 жылдары — «Токката» ЖШС-нің құрылтайшысы, бас директоры, байқау кеңесінің төрағасы;

10.04.2014-05.06.2014 — Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары;

05.06.2014 -25.05.2015 — Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы;

2015 жылғы 26 мамырдан қазіргі уақытқа дейін Павлодар ауданының әкімі.

Екінші және үшінші сайланған облыстық мәслихаттың депутаты болды.

1998 жылдан осы уақытқа дейін — Павлодар облысы Шахмат федерациясының президенті, халықаралық арбитр, үздік шахмат ойының дәстүрлерін дамыту меценаты;

2008 жылдан осы уақытқа дейін —  Павлодар қаласы ИнЕУ «Менеджмент» кафедрасының профессоры.

1986 жылы СССР ішкі істер Министрлігінің құрмет грамотасымен, 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалімен марапатталды.