Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ақпарат

Электрондық цифрлық қолтаңбасыз қандай қызметтерді алуға болады және бір реттік құпиясөз дегеніміз не?

Қандай қызметтер бір реттік құпиясөз арқылы қолжетімді болады?

Мемлекеттік органдармен келесі танымал қызметтер іріктелген: мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікті тіркеу және құқықтың аяқталуы туралы жеке тұлғаларға анықтама беру, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (тыйымдар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын алу, азаматтық хал актілерін қайта алу және тіркеу және т.б.

Қалай жұмыс жасайды?

Бір реттік құпиясөз дегеніміз азамат белгілі бір қызметті алу үшін сұрау салған кезде sms арқылы ұялы телефонға келетін хабарлама. Сұрау салушының телефонына келген тексеруші құпиясөзді (код) eGov.kz порталында енгізу қажет. Осы кезде пайдаланушының нөмірі мобильдік азаматтар базасында тексеріліп, базадағы нөмірмен сәйкестігі расталып, сұрау салған қызметке бірден жауап беріледі. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу үшін порталда «Жеке кабинетке» кіріп «телефон» деген бағанда ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет. Бұдан бөлек, ЖСН-ға телефон нөмірін тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңсеріне баруға болады.

Қандай қызметтерге авторизация керек?

Отандастар дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу,  медициналық ұйымға тіркеуге тұру сияқты қызметтерді электронды цифрлық қолтаңбасыз пайдалануға болады. Бұл жерде медициналық ұйымға тіркелгендер ғана үйге дәрігерді шақыра алатынын ескеру қажет.

Сонымен қатар, әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтама мен жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-гі апатты жоюшыларға) анықтамалар беру қызмметтері қолжетімді болмақ.

Мемлекеттік қызметтерді жеңілдету жұмыстары проактивті мемлекетті дамытуға бағытталған. Яғни, азаматтардың қатысуынсыз берілетін қызметтер саны үнемі көбейетін болады.

23.10.2019 ж. орналастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша кеңес алу үшін тәуелсіз департаменттердегі жауапты тұлғалардың тізімі

Булимисов

Серик Каиргельдинұлы

«Павлодар ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» ММ басшысы 32-08-43 жұмыс телефоны
Рахимбердина

Жанар Жарылгапқызы

«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы 32-29-83  жұмыс телефоны
Оралбеков

Хамза Оралбекұлы

«Павлодар аудынының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» ММ  басшысының м.а. 61-89-95  жұмыс телефоны
Рахимжанов

Ержан  Мэлсовұлы

«Павлодар ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы 21-11-40  жұмыс телефоны
Зияшева

Айгерим Муратқызы

« Павлодар аудынының жер қатынастары бөлімі» ММ   басшысының м.а. 61-91-18  жұмыс телефоны
Кузят

Наталия Петровна

« Павлодар аудынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» ММ басшысы 65-34-44  жұмыс телефоны
Майдисаров

Сакен Игофарұлы

« Павлодар аудынының білім беру бөлімі» ММ  басшысы 61-94-80  жұмыс телефоны
Шакирова

Арина Маратқызы

Павлодар аудынының мемлекеттік құқықтық бөлімі  басшысының м.а. 32-07-45,

61-80-50

жұмыс телефоны

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындысы бойынша шағымдану тәртібі туралы ақпарат

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына сәйкес қаралуға жатады.
  2. Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталығының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына (Қазақстан Республикасының мемлекетік қызмет істері агенттігі) келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
  • шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
  • қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады

— Сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс телефондары бойынша хабарласыңыз: 65-10-57 — Павлодар облысының әкімдігі

20-85-06 — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті;
1414 — «электрондық үкімет» порталының мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телеграм Бот – мемлекеттік қызметті өз смартфонынды тікелей ал!

2018 жылғы мамыр айында @EgovKzBot – электрондық үкімет порталы ботының бірінші нұсқасын іске қостық. Бүгінгі күні бот арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:

  1. Мекенжай анықтамасы;
  2. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;
  3. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  4. Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама;
  6. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу;
  7. Әлеуметтік мәртебені тексеру;
  8. Емханаға тіркеу (өзіңізді және балаларыңызды);
  9. Дәрігер қабылдауына жазылу;
  10. Дәрігерді үйге шақыру.
  11. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау;
  12. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама алу;
  13. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама алу;
  14. Баланың тууын проактивті түрде тіркеу;
  15. Ең жақын ХҚКО іздеу;
  16. Жұмыс табу (жұмыссыздар үшін);
  17. Маман табу (жұмыс берушілер үшін);
  18. Наркологиялық диспансерден анықтама;
  19. Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
  20. Туберкулез диспансерінен ұйымнан анықтама;
  21. БЖЗҚ салымшысы қаражатының келіп түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат;
  22. БЖЗҚ салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат;
  23. Шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру;
  24. Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу;
  25. Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру.

Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.

Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» (МАБ) порталда бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. Ол SMS-код арқылы растауды және пайдаланушының ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.

Telegram мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @EgovKzBot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.

Маңызды сәтті айта кетейік: егер сіз ботты бастапқы іске қосуды мессенджердің басқа платформалары арқылы жасасаңыз, онда ол жұмыс істемейді. Яғни, ботты веб-, десктоп- нұсқасы арқылы немесе планшетте іске қосу әрекеті кезінде қызметтер қол жетімсіз болады. Оны тек қана сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонда іске қосу қажет. Осыдан кейін, бот барлық платформаларда жұмыс істей бастайды.

Қызметтерге көрсетілген команда-батырмаларының көмегімен бастағаннан кейін бірден сұратым жіберуге болады.

Қажетті қызметті, оның параметрлерін таңдап сұратымды қабылданған SMS-код арқылы растаңыз.

Мәртебесін тексерген соң, сұратым дайын болған жағдайда, оны жүктеп алуға не қалаған электрондық пошта мекенжайына жіберуге болады.

Telegram-бот арқылы қазметтерді алудың жалпы үдерісі осындай, өте оңай, жылдам және ыңғайлы. Бот арқылы қолжетімді қызметтер саны бірте-бірте кеңейеді.

Ескертпелер:

  • SMS-кодты алуға қатысты қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны арқылы Бірыңғай байланыс-орталығымен хабарласып консультантқа телефон нөмірін, ұялы байланыс операторының атауын және телефон нөмірі бір оператордан басқа операторға ауыстырылғаны туралы мәліметтерді хабарлау қажет.
  • Telegram-ботта жаңа қызметтердің пайда болуын анонстаудан кейін оларды қолдану үшін боттың өзін қайта іске қосуды қажет ететін жағдайлар болады. Бұл мәзірдің «Тарихты тазарту» тармағын таңдау және  содан кейін «Старт» батырмасын басу арқылы жасалады.

Электронды нұсқада мемлекеттік қызмет алу жылдам, әрі ыңғайлы

Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мәселесінің өзектілігі — мемлекеттік қызмет барлық саланы және адамның бар тіршілік қызметі кезеңін қамтитындығында. Мемлекеттік қызмет алу жылдан жылға артып отыр. Аталған салаға деген қызығушылықтың артуы бұл саланы заңнамалық деңгейде реттеуге әкелді.

Мемлекеттік органдарда және мекемелерде бизнес — процестерді жақсарту мақсатында, ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Бұл шешім қабылдауда әділетсіздікке жол бермеуге мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет алуды автоматтандыру жұмысы жалғасуда, мемлекеттік органдар қызметі нәтижесінің маңызды көрсеткішін түзеу және шешімді әзірлеу кезеңінде алынған ақпарат пайдалану үшін мемлекеттік қызметті тұтынушымен кері байланыс жүйесін құрылды.

Мемлекет қызмет алу үшін арыздар процедураларын жеңілдету мақсатында көптеген мемлекеттік қызмет алуға өтініш беруге www.egov.kz «электронды үкімет» веб порталын арқылы электронды өтінім беру қарастырылған. Аталған қызмет барлық ЭСҚ бар интернет қолданушыларға қол жетімді.

Қазақстан Республикасының электронды үкімет  порталы – бұл электронды түрде сервистер мен қызметтер ұсынатын және мемлекетті қызмет туралы қажетті ақпарат алуға қол жетімді ақпараттық — анықтамалық және интер белсенді веб портал болып табылады.

Электронды үкіметтің www.egov.kz порталы үкімет пен жергілікті билік органдары қызметі тетігінің, азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетуге бағдарланған және мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары біріктірілген ақпаратын пайдалана отырып, ақпараттық технологияны  пайдалану жобасы.

Электронды үкімет порталының мақсаты мыналар: 

— халыққа қызмет көрсету процедураларын бір терезе принципі бойынша оңайлату;

— мемлекеттік  қызмет ұсыну  тиімділігін  арттыру;

— мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жетімді, бірыңғай жүйе құру: билікпен ашық диалог жүргізу, құпиялылықты сақтау, азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей және кері қарым -қатынасын орнату.

Электрондық сервистер мен қызметтер, мемлекеттік қызметтер мен пайдалы материалдар екі негізгі санат бойынша құрылған «Азаматтар» және «Бизнес», бұлар өз кезегінде тақырыптық бөлімдерге бөлінеді.

Мемлекеттік қызметтер сипаттамасы, бөлімдерге бөлінген және келесі ақпараттардан тұрады:

— қызметтің толық және қысқаша атауы;

— мемлекеттік органның (ұйымның) – қызмет жеткізуші атауы;

— қызмет алу тәртібі туралы ақпаратты алуға болатын орын туралы мәлімет;

— қызмет алушылар санаты;

— қызмет ұсыну мерзімі;

— қызмет көрсету құны;

—  электронды түрде қызмет ал үшін қажетті деректер мен әрекеттер;

— мемлекеттік органда қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімі;

— өтініш беруші толтыратын өтініш нысаны мен басқа құжаттар;

— қызмет көрсету нәтижесі;

— қызмет ұсынуды реттейтін нормативтік актілердің тізім мен мәтіндері.

Порталдың әрбір кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет алуға қатысты жалпы сұрақтар және кіші бөлімдердің тақырыптарына көмекші ақпараттар бар пайдалы материалдар орнатылған.

Мемлекеттік қызмет алуға электронды өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге кіру қажет. Бұдан әрі ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалады. Бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады.

Қызметті «Электронды үкімет» веб порталы арқылы алудың артықшылығы: өкілетті органдар бойынша қажетті құжаттар жинау қажеттілігінің болмауы, кезектің болмауы, өтінішті кез келген уақытта бере алатын мүмкіндігіңіздің болуы.

Электронды мемлекеттік қызметті енгізу нәтижесі мыналар болып табылады:

  1. Мемлекеттік қызмет сапасы деңгейінің артуы және оның азаматтар мен ұйымдарға қол жетімділігі;
  2. Көрсетілетін қызмет сапасына халықтың және бизнестің қанағаттануы;
  3. Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі.

2019ж. 20.08. жарияланды

 

 

 

Қызмет алушыларға арналған ақпарат

Павлодар облысының барлық ауылдық округтерінде азаматтарға ыңғайлы болу

үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар.

Осы «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» ашудағы басты мақсат — мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсыну және халықтың сандық сауаттылығын арттыру.

Қазақстан Республикасының электронды үкіметінің «egov.kz» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық цифрлық қолтаңба) болса, сіз халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласпай-ақ, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ала аласыз.

2019ж. 20.08. жарияланды

 

 

Мемлекеттік онлайн-қызметтер – қолайлылық және уақытты үнемдеу!

 Мемлекеттік онлайн-қызметтер – қолайлылық және уақытты үнемдеу!

 

Опубликовано 27.05.2019ж.

 

«Павлодар ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту» тақырыбында семинар өткізілді:

 2019 жылғы 30 сәуірде Павлодар ауданының мемлекеттік-құқықтық бөлімі Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының қатысуымен семинар өткізді.

Іс-шараны өткізу барысында Павлодар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы А.М. Шакирова мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша, сондай-ақ көрсетілген қызметтердің саны туралы тоқсан сайынғы есеп беру ақпаратының нысанын толтыру бойынша жұмыс жүргізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуын болдырмау үшін Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің тұрақты мониторингін жүргізу ұсынылды.