“Нұр Отан” партиясының ПАФ

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бахытжан Ғабдұллақызы Тезекбаева 1959 жылғы 1-шілде күні Павлодар облысы Лебяжі ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1982 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдап, 2002 жылы Алматы экономика және статистика академиясының экономист-қаржыгер мамандығы бойынша диплом алған.

Қызмет жолы:

1989 — 1991 жылдары  – студенттік құрылыс жасақтарының облыстық штабы комиссары.

1991 — 1999 жылдары – коммерциялық құрылымдар.

1999 — 2001 жылдары – әкімнің бірінші орынбасарының хатшы кеңесшісі; қаржы және экономика басқармасының коммуналдық жекеменшік және мемлекеттік сатып алулар есебі жөніндегі бөлімнің бас маманы.

2001 — 2004 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің «Трамвай басқармасы» МКК қозғалыс қызметі басшысы.

2004 — 2013 жылдары – Павлодар облысы сауда-өнеркәсіп Палатасында сыртқы экономика қызметі жөніндегі төраға орынбасары

2014 – 2016 жылдары – «Фридом Финанс» АҚ инвестициялық компанияның Павлодардағы филиалы директорының орынбасары.

2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқаруда.

Мекенжайы:  Толстой көш., 22 а, тел.: 65-12-54