Павлодар ауданы әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары

 

Жәутікбаев Ернұр Бүкенбайұлы — Павлодар ауданы әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары.

Ернұр Бүкенбайұлы 1984 жылғы 12 маусымда Алматы облысында туды.

Екі жоғары білімі бар:

2007 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Басқару жүйесін автоматтандыру және жекешелендіру» мамандығы бойынша аяқтады;

2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді.

Әр түрлі жылдары Алматы қаласы Алмалы және Жетісу ХҚКО-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарды атқарады:

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бас маманы;

Алматы қаласы Аумақтық жер инспекциясының бас маманы – мемлекеттік инспекторы;

ҚР Аймақты дамыту министрлігінің персоналды басқару қызметінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің бас сарапшысы;

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаментінің Кадрлық әлеуетті дамыту басқармасының басшысы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электронды өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.