Павлодар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

 

Аудан әкімінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі өкімімен Павлодар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Қайрат Қайыржанұлы Нұрмағамбетов тағайындалды.

 

Қайрат Қайыржанұлы 1962 жылы 3 ақпанда Павлодар облысы Ертіс ауданының Кайманачиха ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Ертіс аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекторы, аға экономисі болып бастаған.

1992 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың қыркүйегіне дейін Ертіс ауданында келесі лауазымдарда жұмыс істеді:

— ҚР ҚМ Ертіс ауданы бойынша бақылау-тексеру басқармасының бақылаушы-тексерушісі;

— мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Ертіс ауданы бойынша бас бақылаушы-ревизоры, бөлімше бастығы;

— мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімшесінің бастығы;

— қаржы-валюталық бақылау комитетінің бөлімше Ертіс ауданы бойынша бастығы;

— Ертіс ауданы бойынша бас бақылаушы-ревизор,               ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының тексеру бөлімінің бастығы.

1998 жылдан 2000 жылға дейін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар аумақтық тексеру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2000 жылдан 2005 жылға дейін ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бөлімінің бастығы лауазымында еңбек етті.

2005 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың мамыр айына дейін Павлодар қаласының мемлекеттік органдарында келесі лауазымдарда жұмыс істеді:

— Павлодар қаласы қаржы бөлімінің бастығы;

— Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, бастығы;

— Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың сәуір айына дейін Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.