Этика жөніндегі уәкілетті

Павлодар ауданы әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1-04-272 өкімімен аудан әкімінің экономика жөніндегі орынбасары – Гүлнәр Құсайынқызы Сейітқазинаға Павлодар ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл функциялары жүктелді. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

 

Павлодар ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі

Тегі, аты, әкесінің аты Лауазымы Қабылдау күні Байланыс телефоны
Сағандықов Нұрболат  Озыханұлы Павлодар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл он күн сайын сәрсенбі күні 32-59-06

 

 

 

Әдептілік стандарты жоғары қоғам жолында: сіз адамдармен және адамдар үшін жұмыс жасайсыз.

 

«Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауы өтеді

 

Орналастырылды: 11.09.2018 ж.