Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің кейбір елді мекендері аумағында жылқы ринопневмония ауруы бойынша шектеулі іс-шаралар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына  сәйкес, Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы  19 наурыздағы № 2-36/127 ұсынымы бойынша Григорьевка  ауылдық округінің әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің келесі елді мекендері аумағында жылқы ринопневмония ауруы бойынша шектеулі  іс-шаралар белгіленсін:

Набережное ауылы, «Андас» шаруа қожалығы, кадастрлік нөмірі 14-211-051-002 жер учаскесі;

Набережное ауылы, Рудь В.В. жеке қосалқы шаруашылығы, кадастрлік нөмірі 14-211-043-199 жер учаскесі;

Жаңа қала ауылы, Арынгазинов К.Т. жеке қосалқы шаруашылығы, кадастрлік нөмірі 14-211-044-168 жер учаскесі;

2.Осы шешімнің орындалуын  бақлауды өзіме қалдырамын.

3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Григорьевка ауылдық округінің әкімі В.Бруцкий

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *