Ата заң күніне орай алғыс алды

ҚР Конституция күніне орай Красноармейка ауылында салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстағы жетістіктері үшін марапаттады.
 
«Ата  Заңым- қастерлім!» атты мерекелік жиынның алғашқы сөзі Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенкоға берілді. Өңір басшысы өз сөзінде: Конституция еліміздің тірегіне айналғанын,  берік заңымыздың арқасында көп ұлтты, бірлігі жарасқан іргелі елге айналып отырғандығымызды алға тартты. Құттықтау сөзінен кейін еңбекқор жандарға марапаттарын табыстады.

Әкім сөзінен кейін «НұрОтан» партиясының құрамына кіргендерге партия билеттері берілді. Арман Құрмашев, Людмила Больт, Валентина Ященко партия құрамына кіргендіктерін растайтын құжаттарға ие болды. Сондай-ақ, марапаттардың алғашқысын Заря мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары алды. Майкен Көппаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісіне қол жеткізді. Павлодар аудандық сотының төрағасы –  Айдарбек Дюсебалиев облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды. Павлодар ауданының статистика бөлімінің бас маманы – Марина Носко аудан әкімінің Құрмет грамотасының иегері атанды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай аудан әкімінің Алғыс хаттарымен Еркінбай Дакенов – «Айтбай» ауыл шаруа  қожалығының басшысы, Шақат ауылы, Валерий Щербань  – «Иван» шаруа қожалығының басшысы, Новочерноярка ауылы, Бақыт Аркенова –   Жеке кәсіпкер «Аркенова», Бақтияр Нұрбаев –  Павлодар ауданының  аға сот приставы, Надежда Бокова – Павлодар аудандық сотының сот отырысы хатшысының бас маманы, Анна Бурлакова – Павлодар аудандық сотының бас маманы, Ермек  Даурен – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт бөлімінің бас маманы, Бауыржан Мұхамеджанов – жергілікті полиция қызметінің участкелік инспекторы, Чернорецк ауылы марапатталды.

Аудан басшысынан кейін сөз кезегі аудандық мәслихаттың хатшысы Айтуған Шайхимовқа, Павлодар ауданының прокуроры Әділ Оспановқа берілді. Лауазымды тұлғалар жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтады. Одан ары салтанатты жиын мерекеге орай концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарламада «Жібек» би тобы, «Черноярские задоринки» және «Селяне» вокалдық топтары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілдерін көтеріп тастады.

 

Оразбек САЯХАТ

Сурет автордікі