Шұғаев Жанат Рашитұлы – Павлодар ауданының әкімі

Ж.Р. Шұғаев 1960 жылы туған, Павлодар өңірінің тумасы, қазақ, білімі жоғары, 1983 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын ғалым агроном мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1983 жылы Павлодар ауданының Маяк совхозында агроном болып бастады, одан кейін Павлодар ААШБ бас агрономы, партком хатшысы, «Маяк» совхозының директоры болып қызмет істеді.

1991-2003 жылдары – ШК бас директоры, «Комерция БАТТ» өкілі, «Смирнов элеваторы» АҚ директоры, «Қиялы Астық» ЖШС директоры қызметтерінде болды.

2004-2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі, «Мамлют ұн тарту комбинаты» ААҚ президенті;

2007-2009 жылдары дейін Ақмола облысы Щучинск ауданының «Агрофирма Бурабай 2007» ЖШС бас директоры;

2009-2012 жылдары – Железин ауданының әкімі;

2012-2013 жылдары — Ертіс ауданының әкімі;

2013-2014 жылдары – Павлодар облысының ауыл шаруашылығы баскармасының бастығы;

2014- 2018 жылдары – Тереңкөл ауданының әкімі

2018 жылғы 25 желтоқсандан Павлодар ауданы әкімі.