Балалардың отпен ойнау себебінен туындайтын өртті болдырмау үшін не істеу керек

— балаларға өрт қауіпсіздігі жөнінде әңгімелеп беріңіз;

— өрт қауіпсіздігі қағидаларын қадағалауға қатысты барлық жағдайларда

Үлгі түтар болыңыз;

-балалардың қолы жететін жердерде сіріңкелер мен оттықтарды қалдырмаңыз;

-пешті, газ плитасын жағуды, тұрмыстық электр қондырғыларын өз бетінше

қосуды  балаларға тапсырмаңыз;

-балалардың алау жақпауын қадағалаңыз;

-балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

-балалардың бос уақытын қызықты өткізуін ұйымдастырыңыз;

— өрттің шығуын немесе жану (түтіндеу, температураның жоғарылауы ) белгілерін байқаған кезде жас бала дереу ересектерге немесе «101», «112» телефон нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметке хабарлауы және бөлмеден шығып кетуі керек;

 

ТЖБ Павлодар ауданың

инженері

Арман Мусагажинов