Өрт қауіпсіздік айлығы!

Павлодар облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің  2019 жылғы жұмыс жоспары негізінде және тұрғын үйлердегі өрттерді болдырмау бойынша профилактикалық шара жиынтығы, өрт кезіндегі адамдардың өлімі мен жарақат алуды алдын алуға сәйкес Павлодар ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен Павлодар ауданының мекен жайлардағы тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздік айлығы өтіп жатыр. Өрт қауіпсіздік айлығының өтуі кезінде Павлодар ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздік шаралары бойынша өртті болдырмаудағы жадынамаларымен тұрғын үйлер тексеріледі.

Сонымен қатар, Павлодар ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің өрт қауіпсіздік айлығын өткізу жоспарына сәйкес 2019  жылғы айының Павлодар ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердегі өртке қарсы жағдайы және аудандағы тұрғылықты аймақтарындағы өртке қарсы жағдайындағы жол тексеріледі.

Ауылдық округтерінің әкімдерімен бірлесіп елді мекендердегі тұрғын жайларда өрт қауіпсіздігі мәселесі жайлы тұрғындармен жиылыстар өткізіледі.

Құрметті азаматтар! Егер сіздерде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз етуі бойынша сұрақтар, ескертулер немесе ұсыныстар болса, мына телефон арқылы жіберуіңізге болады: 101 немесе  60-55-81 Павлодар ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі.

Павлодар ауданының төтенше

жағдайлар жөніндегі бөлімің инженері Мусагажинов А.Т.