Ардагерлерді ардақтайық!

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында егде жастағы адамдарға қолдау көрсетілуде. Жыл бойы волонтерлер аумақты тазалау, соның ішінде қыста қар тазалау, бау-бақша жұмыстарына көмек көрсетеді, ТЖ режимі кезінде көп реттік қорғаныс маскалары тегін таратылды. Сондай-ақ, мереке кезінде ардагерлер назардан тыс қалмайды, оларға партиялық белсенділер барып, көмектеседі.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар қаңтар айында басталды. Аудан филиалымен әр мектепте «Батырлар біздің арамызда» атты іс-шарасы өткізілді. Мектеп қызметкерлері мен оқушылар осы сабақтарды өткізуге жауапкершілікпен қарады. Шараларға тыл еңбеккерлері, ардагерлердің туыстары, мерейтойы осы жылы аталып өтетін Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың туыстары, «Майдан жолы» іздестіру жасағының мүшелері қатысты.

Аудандық орталықтандырылған кітап-хана жүйесінің қызметкерлері ҰОС қатысушыларының деректерін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, «Ерлік жылнамасы» жобасын таныстырды. Енді әрбір ҰОС қатысушысына арналған деректер ауданның әр кітапханасында бар, сонымен қатар жақын арада материалдарды Павлодар ауданы әкімдігінің сайтынан көруге болады. Жоба аяқталған жоқ, ол жаңа ақпараттың түсуіне қарай толықтырылады. Қатысушылар туралы әңгімелер, соғыс туралы шығармаларды көрсету кеңінен жарияланып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. Кемеңгер, Үміт апа ауылдарында Даңқ обелискілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ефремовка, Ольгинка ауылдарындағы партия мүшелері ҰОС қатысушыларының зираттарын жинау бойынша жұмыстар жүргізді. Ауылдық округтердің орталық ауылдарында Жеңіс күніне арналған мерекелік баннерлер орнатылды. Жеңіс күні және 9 мамыр мерекесі қарсаңында партияның аудандық филиалының партия мүшелері ҰОС жалғыз қатысушысы Мария Матюшина мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, құттықтап қайтты. ҰОС қатысушыларының жесірлері, ауғандықтар назардан тыс қалмады. Біздің құрметті ардагерлеріміздің атына ізгі тілектер мен сыйлықтар табыс етілді.