Бүгін Павлодар ауданының идеологиялық активімен кездесіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі атты Жолдауын талқылаған болатынбыз.

Өз Жолдауында Президент мемлекетімізде өткен жылдары атқарылған ауқымды шаралар мен алдағы уақытта жоспарланған жұмыс ауқымын атап өтті. Жаңа Жолдауды үмітпен күткен ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалықтар жетерлік. Өз сөзінде Президентіміз ауыл шаруашылығын негізгі ресурс ретінде атап өтіп, оның әлеуетін толық пайдалану қажеттігін тапсырды. Елбасының ұсынған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша биыл бөлінген 30 млрд. теңгеге қосымша аладығ үш жылда 90 млрд теңге бөлуді тапсырды. Демек, ауылды аймақтар көркейіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалмақ.