Ефремовкада жаңа әкім

Бейсенбі күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Ефремовка ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлер сайлауы өтті. Осы уақытқа дейін бұл қызметке әкімнің міндетін атқарушы Әлия Байғамитова жауапты болып келген.
Сайлау рәсіміне аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сансызбай Әкімбеков төрағалық етті. Таңдау жасау құқығына ие Павлодар аудандық мәслихаты 12 депутатының 10-ы құпия дауыс беру арқылы әкімдік қызметтен үміткер екі кандидаттың біріне өз дауысын берді. Айта кету керек, бұл лауазымнан Айсана Рахимова және Ардақ Шахматалинов үмітті болды. Дегенмен, сайлау жәшігін ашып, дауыстарды санаған комиссия мүшелері соңғысы 100 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін жария етті. Осылайша, Ефремовка ауылдық округінің әкімі болып Ардақ Шахматалинов сайланды. Жаңа басшы әкім тұрақтамай қойған аталмыш округ халқының мұң-мұқтажын ескеріп, қызметіне адал болады деген сенімдеміз.