Конституция күні мерекесін салтанатты тойлау рәсімі өтті

Бүгін Кемеңгер ауылында Конституция күні мерекесін салтанатты тойлау рәсімі өтті. Аудан әкімі Жанат Шұғаев білім, спорт сала қызметкерлерімен бірге, тәртіп сақшылары мен сот жүйесінің қызметкерлерін марапаттап, мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде: Елбасымыз атап көрсеткендей сын сағатта тәуелсіздігіміздің кепілі болған қастерлі Ата заңымыз ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналды. Ата заң біздің барлық құқықтық мәдениетіміздің қайнар көзі – деп, бұл мерекелі датаның жөні бөлек екенін атап өтті. Бұл күні аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Заря ауылдық округінің спорт жөніндегі әдіскері Марат Кәрімұлы Ахметов, Павлодар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полициясының басшысы Рустамбек Серікұлы Ықсан, Павлодар аудандық соты кеңсесінің бас маманы Айгүл Жұлатқызы Қаирова марапатталды.