Кұрметті полиция қызметкерлері!

Шын жүректен сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздер жандарыңызды шүберекке түйіп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тер төгудесіздер. Риясыз еңбек, отансүйгіштік және ерліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінде өлкемізде қылмыспен күресу үшін сіздерге барлық жағдайлар жасалып келеді.

Төл мерекелеріңізбен құттықтай отыра, зор денсаулық, төзімділік, отбасылық амандық және бейбітшілік тілеймін!

 

Жанат Шұғаев, аудан әкімі