Ресми Сауалдар қаперге алынды

«Ertis – adaldyq alany» жобасы аясында аудан әкімі Жанат Шұғаев азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындарын бірінші кезекте, тұрғын үй, зейнетақымен қамтамасыз ету сынды әлеуметтік мәселелер алаңдатады. Азаматтардың барлық сауалдары әкімнің жеке бақылауында.

Жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен сауалдарды қарау бойынша жұмыстарды жақсарту және тұрғындардың маңызды мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар, азаматтардан жолданған сауалдарды шұғыл түрде қарау мақсатында азаматтардың жеке қабылдауы өткізіліп тұрады. Тұрғындарды негізінен әлеуметтік маңызы бар сауалдар алаңдатады. Қарт адамдар зейнетақы, банк саласының қызметтері, тұрғын үй бөлу, т.б. сауалдарды жиі жолдайды. Әйтім ауылының зей           неткері Шолпан Ташмұхамбетова зейнетақы төлемі бойынша жүгінген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Наталья Кузят және «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҰАҚ өкілі Әлия Нұрпейісова әжейдің мәселесімен айналысатын болады.