Спортшылармен кездесу

Бүгін аудан әкімі Жанат Шұғаев үздік спортшылармен кездесіп, оларды облыстық кешенді спартакиадада жақсы нәтижеге қол жеткізуімен құттықтады.

Павлодар ауданы облыстық кешенді спартакиада қорытындылары бойынша бірнеше спорт түрі бойынша чемпион атанып, төрт алтын медаль ұтып келді. Үстел теннисі, футбол, қыздар волейболы және шахмат ойыны бойынша біздің жерлестер жеңімпаз атанды. Одан бөлек, ерлер волейболы, жазғы Президенттік көпсайыс, қыздар баскетболы бойынша спортшыларымыз үздік үштіктің қатарында. Үздік нәтижеге қол жеткізген жерлестерімізді қолдау үшін аудан бюджетінен 1 млн. теңге бөлінді. Аудан басшысы спортшыларды чемпион атануымен құттықтай келе, олардың келер жылы облыстық кешенді спартакиадада үздіктер қатарында болуын тіледі.