Тамыз конференциясы — 2019

Бүгін Кемеңгер ауылдық Мәдениет үйі базасында педагог қызметкерлердің «BILIM jáne ǴYLYM» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.

Мұнда аудандық білім беру ұйымдарынан бірқатар педагог мамандар қатысты. Өткен оқу жылына қорытынды жасалды, жаңа оқу жылының басты міндеттері талқыланған алқалы жиынға аудан әкімі Жанат Шұғаев, облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің басшысы Әйгерім Әбенова қатысты.

Павлодар ауданы білім беру бөлімінің басшысы Сәкен Майдисаров өз баяндамасында мектепке дейінгі тәрбие, орта білім беру, білім сапасын арттыру, кәсіптік білім беру, кадр тапшылығы және т.б. мәселелер бойынша сөз қозғады.

Салтанатты рәсім барысында білім беру саласын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен білікті басшылар ҚР ғылым және білім министрінің, облыстық, аудандық деңгейдегі мадақтамалар мен алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оның ішінде Шақат орта мектебіне соңғы жылдардағы жеткен жетістігі үшін 1 млн. теңгенің сертификаты табысталды.

Ұстаздар кеңесінде Павлодар ауданының өнер мектебінің шәкірттері және жергілікті өнерпаздар әсем әнмен, мың бұралған бимен жиынның көркін қыздырды.