Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлау жүйесі туралы семинар-тренингтер

Павлодар ауданының сайлау компаниясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына белсенді дайындық үстінде. Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарындағы іс-шаралардың негізгі бағыттарына сәйкес, Павлодар ауданында учаскелік комиссия төрағаларын, төраға орынбасарлары мен хатшыларын, екінші кезеңде учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелерін сайлау заңнамасының негіздеріне, негізгі ұйымдастырушылық шараларға, бөлімшелердің ақпараттық-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуіне оқыту басталды.

Оқытудың бірінші кезеңі бір-біріне жақын орналасқан бірнеше учаскелік сайлау комиссияларын біріктірген семинар-тренинг түрінде өткізіледі. Семинар-тренингті Павлодар ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.М.Әкімбеков жүргізеді. Оқу семинарларында тыңдаушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңындағы және басқа да нормативтік құқықтық-актілердегі жаңалықтармен және өзгерістермен танысады. Сабақтар интерактивті түрде өткізіледі, қатысушылар топтық жұмыс атқарады, бастапқы тестілеуден өтеді, кейстегі жағдаяттық тапсырмаларды шешеді. Күні бойы өткізілетін тренинг барысында, семинарға қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды, сайлаушылардың, сайлау комиссиясы мүшелерінің және сайлау процесінің басқа да қатысушыларының құқықтарын қамтамасыз ету практикасын талқылап, түсініктерін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша Күнтізбелік жоспардағы негізгі іс-шараларды жүзеге асыру үшін міндеттерді әзірлеп, сайлау учаскесі мүшелерінің сайлау үдерісіне қатысты әр түрлі топтармен, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандармен нақты іс-әрекеттері туралы сұрақтарына жауап табады.

Семинар-тренингтер аумақтық сайлау комиссиясымен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, кезектен тыс сайлау алдындағы барлық дайындық кезеңінде жүргізіледі және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін толық қамтиды.