Шақат мектебі көш басында

 Аудандық білім бөлімі мамандарының ұсынған мәліметі бойынша, қазіргі таңда қоржынымыз барлығы 38 грантпен толыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 4 грантқа артық.

Былтыр аудан бойынша 73 оқушы ҰБТ тапсырып, 34-і грант ұтып алған. Шақат, Ямышево, Чернорецк №2, Чернорецк №1, Красно­армейка, Ольгинка, Пресновка мектептерінің көрсеткіштері жақсы болды. Бұларда тестілеуге қатысқан балалардың барлығы не жартысынан көбі грант ұтып алған. Өкінішке орай, ең нашар көрсеткіш – Луганск білім ошағының шәкірттерінде. Үш оқушыдан біреуі де грантқа өтпеген.

Биыл өткен жылмен салыстырғанда, көрсеткіш біршама жақсы деуге болады. Тестілеуге 77 бала қатысып, бүгінгі таңға келіп түскен мәлімет бойынша, 38 бала грант ұтып алған. Білім бәйгесінде әдеттегідей, алдыңғы орынды Шақат орта мектебі алып отыр. Білім ошағының ҰБТ- ға қатысқан 7 шәкірттін бәрі грантқа өткен. Бұл үлкен жетістікпен білім ошағы ұстаздары мен шәкірттерін, ата-аналар қауымын құттықтаймыз! Сондай-ақ Ямышево, Красноармейка, Ефремовка орта мектептерінің шәкірттерінің көрсеткіштері жақсы.