Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары!

Биыл Жеңістің 75-ші көктемін қарсы алып, қасиетті Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің ең басты парызымыз. Бұл соғыста аталарымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетті.
Уақыт өткен сайын аға толқын – Сіздердің қол жеткізген ауқымды жетістіктеріңіздің, ірі табыстарыңыздың маңызы артып келеді. Егер де жеңімпаз әкелеріміздің ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекет құра алмас едік. Сондықтан да Сіздерге басымызды иеміз!
Құрметті тыл еңбеккерлері, Сіздер туған Отанымыздың бостандығы мен азаттығы үшін барша қиындыққа төзіп, ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кештіңіздер. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей еңбек етіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қалыспай, Жеңісті жақындатуға қомақты үлестеріңізді қоса білдіңіздер.
Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, Ұлы Жеңістің жарқын көктемі көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатсын деген тілектестік білдіре отырып, Сіздерге мықты денсаулық пен сергектік, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға ырыс-береке, шаттық пен қуаныш тілеймін!
Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Жанат Шұғаев,
Павлодар ауданының әкімі