Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің дайындық барысы туралы

2019 жылғы 29 сәуірде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы шешімін орындау бойынша іскери мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аудан әкімі Ж.Р. Шұғаев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.М.Әкімбеков, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі — ішкі саясат бөлімінің бастығы М.А. Қалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Т. Оспанова, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, округтiк сайлау комиссияларының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

Павлодар аудандық округтік сайлау комиссиясының төрағасы С.М.Әкімбеков күн тәртібіндегі тақырып бойынша таныстырымында, сайлау күні тағайындалғаннан кейін атқарылып жатқан жұмыстар туралы қатысушыларға ақпарат берді. Баяндамашы таныстырым слайдтарында ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспары мен Павлодар ауданының және жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) сайлау ұйымдарының міндеттері мен оны жүзеге асыру мерзіміне қатысты сайлау үдерісінің негізгі кезеңдеріне тоқталды.

Аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің бірлесе ынтымақтастықта тиімді жұмыс істеуі үшін учаскелік сайлау комиссияларының кураторлары анықталды.

ТСК учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін сайлау заңнамасының негіздері, сайлау комиссияларының негізгі ұйымдастырушылық қызметі мен сайлау күніне байланысты жиынтық семинар-тренингтерін өткізу бойынша үлкен міндет тұр. Оқу жоспары теориялық білім беруді, тестілеуді, іскери ойын жүргізуді қамтиды.

Аудан әкімі Ж.Шұғаев ауылдық округ әкімдеріне дауыс беруге арналған бөлімшелердің, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың материалдық-техникалық қауіпсіздігін назарда ұстауды тапсырды.