Қазақстан халықтарының тілдері күні

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осы күнге орай ауылдық кітапханаларда Қазақстанда тұратын халықтардың тілдеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеуге арналған іс-шаралар өткізілді. Кітапханашылар тілдер күні елдің барлық азаматтарының достық, туыстық және бірлік мерекесі екенін айтты. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық — жаңа Қазақстан құрылысының басты тірегі. Шара барысында кітапханалар қорларындағы тақырыптар бойынша кітаптармен танысу болды. Жылдан жылға оқырмандардың тіл тарихы, грамматика бойынша кітаптарға деген қызығушылығы артып келеді, сонымен қатар олар ағылшын тілін оқиды. Кітапханаларда оқырмандарға арналған тақырыптық кітап көрмелері безендірілді: «Елдіктің түп қазығы — туған тіл», «Тіл тұғыры — ұлт ғұмыры».

Мереке құрметіне Новочерноярка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі туралы айтты. Латын графикасына көшу мәселесі, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы үштілділіктің қажеттілігі талқыланды.