Қос мереке иесі

Қарттар күні қарсаңында, 28-қыркүйекте ауданымыздың Мичурин ауылының тұрғыны, соғыс кезінде концлагерь тұтқыны болған Вера Бродникова 89 жасқа толды. Қос мереке иесін құттықтау үшін аудан әкімі Жанат Шұғаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко арнайы барды.

Туған күн иесінің құрметіне жергілікті клубта мереке ұйымдастырылып, жүрекжарды тілектер айтылып, ән мен биден шашу шашылды. Белсенді жан кезінде өзі бас болып құрған «Сударушки» әжелер ансамблі әсем әндерін арнады. Вера Павловна алғысын жаудырып жатты, әсіресе, оқушылардың өнерлері қарияны тәнті етіп, аса ырза қылды. Көзіне жас үйірілген әжей жас ұрпаққа өз батасын берді.

Соғыс кезінде фашистік концлагерь тұтқыны болған, аштық пен небір сұрапыл жылдарды басы­нан өткеріп, жақындарынан айырылса да, өмірге деген сүйіспеншілігі , туғандарының қам- қорлығы өмір сүруге деген құлшынысын арттырып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуына жол ашты.

Вера Павловна 12 жыл «Nur Otan» партиясының мүшесі. Барлық сайлауалды бағдарламаларына белсенді атсалысып келеді. Осы ретте, «Қамқорлық» айлығы аясында әжейді құттықтай келген партияның облыстық фили- алының басшысы Илья Теренченко қарттарға құрмет көрсету арқылы біз жас ұрпаққа үлгі-өнеге береміз, сондай-ақ партиялық бірлестіктер осындай көнекөздеріміздің ақыл-кеңестеріне аса зәру, — деді.

Маңдайына қиын тағдыр жазылған Вера Бродникова бейбіт күнде ғұмыр кешіп жатқан ұрпақ – бақытты жандар екенін айтып, аспанымыз ашық болуын тілеп, ақ батасын берді.