Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Осындай айтулы күні біздер құрметті ардагерлеріміздің алдында ерекше бас иеміз. Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың симаолы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ел басын күн туып, ер басына мұң ұялаған жылдарда ардагерлеріміздің Отан мен туған жердің намысын ойлап, майданға қан кешкен ерліктері ел жүрегінде мәңгілікке қалады.

Сұрапыл соғыстағы аға буынның жан аямас жаужүректігі, ерен еңбегі, туған елге, жерге деген патриоттық ыстық ықыласы келешек ұрпақ санасында жаңғырып тұрары даусыз. Әділдік пен зұлымдықтың соғысы деп бағаланаған майдандағы ерліктері бүгінгі және келер ұрпақ үшін нағыз тансүйгіштіктің, Отан қорғаудың жоғарғы үлгісі болып қала бермек.

Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасына біз бүгін бейбіт өмір, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Құрметті жерлестер! Сіздерді осындай тамаша мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін.

 

Жанат Шұғаев, аудан әкімі