Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1-Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігікүні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта күн кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің әстүрі, асыға күтер мейрамы.

Біздің ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай, сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өз үлесі бар. Себебі, осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық Бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісіммен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Ауданымызда талай ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

 

Жанат Шұғаев, Павлодар ауданының әкімі