Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

 

 

Кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні мерекесіне орай шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар. Бұл – тек журналистер үшін ғана емес, сондай-ақ, кадрдан тыс қалатын, басылым санын қадағалаушылардың да мерекесі.

Сіздерге өте маңызды міндет артылып отыр. Біздің ақпараттық өмірімізді бай әрі қанық етесіздер, қоғамдық пікір қалыптастырасыздар, ең бастысы, Елбасы қойған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуына үлкен үлес қосып келесіздер.

Сөз — қызметтеріңіздегі ең басты қару. Оны барынша орынды қолдану арқылы жоюшы қаруға немесе жаңашылдыққа бастаушы жағымды қаруға айналдыруға болады. Сіздер жазған әрбір сөз оқырмандардың пікіріне ықпал ететін ерекше күшке ие.

Құрметті журналистер! Сіздер шапшаңдық пен жеделдікті қажет ететін салада тер төгудесіздер. Біздің аудан тұрғындары қоғамдық өмірде болып жатқан барлық оқиғалардан сіздердің арқаларыңызда хабардар болып жүреді.

Бүгінгі мереке күнінде Сіздерге қиын жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Еңбекте шығармашылық табыс пен таусылмас қуат, отбасыларыңызға амандық-саулық, береке-бірлік тілейміз!

Жанат Шұғаев,

Павлодар ауданының әкімі