Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Төл мерекелеріңіз жақындап келеді. Сіздердің үйлесімді жұмыстарыңыздың арқасында өлкеміз барлық бағыттар бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Кәсібиліктеріңізді, халыққа адал қызмет етіп жүргендіктеріңізді атап өткім келеді.

Сіздерге Павлодар ауданы тұрғындарының алдында үлкен жауапкершілік артылған. Мемлекеттік қызметке деген адалдық бүкіл мемлекеттік құрылымға оң имидж қалыптастырады.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, сондай-ақ өркендеу мен еліміздің тұрақтылығын тілеймін!

Жанат Шұғаев, аудан әкімі