Құрметті Павлодар ауданының сайлаушылары!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлаушылардың тізімдерін нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы Сіздерді хабардар етеміз.

Өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, өзіңіз туралы және өз отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтердің дұрыстығын сайлаушылар тізімінде мына мекенжай бойынша тексеріңіздер: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 үй, № 206 каб. немесе Call-орталығының 8 (7182) 329867, 327341 телефондары арқылы білуге болады.

Call-орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері – сағат 9.00-18.30 дейін, үзіліс – сағат 13.00-14.30 дейін, сенбі – сағат 9.00-13.00 дейін

Павлодар ауданының әкімдігі

 

.