Облыс әкімі Б. Бақауов Павлодар ауданында жұмыс сапарымен келді

Кеше облыс әкімі Б.Ж. Бақауовтың төрағалық етуімен және аудан активінің қатысуымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде аудан әкімі Ж.Р. Шұғаев есеп берді. Негізгі экономикалық көрсеткіштермен таныстыра келе, ауданның жыл соңына дейінгі дамуы және келешекте өсу қарқынына тоқталды. Жалпы алғанда әлеуметтік-экономикалық даму экономиканың барлық салаларында дамудың жағымды үрдісіне ие. Өнеркәсіптік өндіріс төрт айдың қорытындысы бойынша 1 млрд теңгені құрады. Өсу пәрменділігі «Зерноград» ЖШС ұн және қарақұмық өндіруді арттырумен, әрі ет және нан-тоқаш өнімдерінің көптеп өндірумен байланысты. Биыл ауданда ірі инвестициялық жобалар іске асуда. Олардың ішінде «Жаңа қала» ЖШС 600 бас ірі қара малға шақталған сүт-тауарлы фермасының құрылысы, «Луганск» өндірістік кооперативінде де 600 бас сиырға арналған сүт-тауарлы фермасы салынуда. «Ертіс» шаруа қожалығында 400 бастық сүт-тауарлы фермасы салынып, Чехиядан сиырлар әкелінбек. «Turkey-PVL» ЖШС Шақат ауылдық округінде күркетауық өсіретін құс фабрикасының іргетасын қалауда. Одан бөлек, суармалы жер алқаптарын ұлғайту бойынша да едәуір жұмыс атқарылуда. «Андас» шаруа қожалығы 420 га, «Заря» ШҚ 640 га, «Жаңа қала» ЖШС 200 га суармалы жерлерді қолданысқа енгізеді. Есептік кездесуден соң облыс әкімі Б.Ж. Бақауов»Turkey-PVL» ЖШС күркетауық өсіру фабрикасы құрылысымен танысты, Рождественка ауылдық округіндегі «Зерноград» ЖШС жұмысын көріп қайтты. Бұдан соң, алдағы кезектен тыс Президент сайлауына учаскелік сайлау комиссияларының дайындық жұмысымен танысты.