ПАВЛОДАР АУДАНЫ 2019 жылғы қаңтар-маусым ӘЭД негізгі қорытындысы

Базалық макрокөрсеткіштер

Сала ФАКТ

2019 ж. қаңтар-маусым

Өлшем бірлігі   НКИ, % облыс бойынша орны
Өнеркәсіп млн. теңге 1644,2 100,7 8
Ауыл шаруашылығы млн. теңге 7901,5 105,5 2
Инвестициялар млн. теңге 4078,7 107,9 11
Құрылыс млн. теңге 2007,9 129,9 7
Тұрғын үй қосу мың ш. м 2520 105,5 10
Бөлшек сауда млн. теңге 1195,9 146,0 1
Әрекеттегі ШОК субъектілердің саны бірлік 1204 108,0 8
үлес 91,1 9

 

  1. Экономиканың нақты бөлігі

1.1 Өнеркәсіп

2019 ж. 01.07.-на өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1644,2 млн. теңге құрастырды, НКИ – 100,7%.

Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспалары,  электр энергиясын сату бойынша қызметтер,  бу және ыстық су  өндіру көлемдері жоғарлады.

— өндеу өнеркәсібінің НКИ – 102,6% (өсуі себептері – тамақ өнімдерін өндіру 101,7% (ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру 116,4%, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 115,5%) есебінен. Жеңіл өнеркәсіп 92,8%, тоқыма бұйымдарының өндірісі 95,4%-ға дейін төмендеді;

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау НКИ 155,8% құрады. Бу беру және ауа баптау жүйелері 276,5% құрады;

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау НКИ 69,4%. Суды жинау, өндеу және бөлу төмендеді.

01.08.2019 болжамды НКИ – 100,0% (1980,0 млн. теңге).

 

1.2. Ауыл шаруашылығы

2019 ж. 01.07.-на ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7901,5 млн. теңге құрастырды, НКИ – 105,5%.

01.08.2019 болжамды НКИ –103,0% (12582,1 млн.теңге)

 

ІҚМ басының саны – 50,389 мың. бас (106,8%), соның ішінде сиыр – 16,586 мың бас (100,0); жылқы – 15,240 мың. бас (113,2%); қой – 41,98 мың. бас (101,6%); ешкі – 2,346 мың. бас (97,8%); шошқа – 25,904 мың. бас (151,5%); құс – 25,393 мың. бас (87,3%).

Құс басының төмендеуі: «Нургазин» жеке кәсіпкер, Черноярка ауылдық округі, кәсіпорынды жапты.

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2019 жылғы 1 шілде жағдайына құрады:

– ет 7426,3 тонна (107,9%).

01.08.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 103,0% (8690,0 тонна)

– сүт 24178,8 тонна (101,8%)

01.08.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 101,0% (29237 тонна)

– жұмыртқа 1756,9 мың.дана (90,2%).

01.08.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 90,2% (2199,3 мың.дана)

Павлодар ауданы аумағында 15 АӨК әрекет жасайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдер өндіруімен 15 кәсіпорын айналысады:

сүт өндеу – 1 кәсіпорын («Родник и К» ЖШС – Заря ауылы);

ет өндеу – жартыөнім жасау жөніндегі цех – 3 («Луганск» ӨК – Луганск ауылы, «Темирком» ЖШС – Черноярка ауылы, «Кусаинова» ЖК – Ольгинка ауылы);

наубайхана – 7 («Луганск» ӨК – Луганск ауылы, Солдатова ЖК- Мичурино ауылы, Таушкина ЖК – Новочерноярка ауылы, Рустемова ЖК – Красноармейка ауылы, Жуматаева «Береке» ЖК – Новоямышево ауылы, Кусаинова ЖК – Ольгинка ауылы, Кох ЖК – Рождественка ауылы);

жарма бұйымдарының өндірісі – 1 («Зерноград» ЖШС — Рождественка ауылы);

диірмен – 1 («Зерноград» ЖШС — Рождественка ауылы);

кондитерлік бұйымдарының өндірісі – 2 (Солдатова ЖК –Мичурино ауылы, Таушкина ЖК –Новочерноярка ауылы).

18 дайындау пункті жасайды, соның ішінде сүт дайындау жөнінде – 17, ет – 1.

 

Жер қоры

Аудан жерлерінің жалпы көлемі 589 мың. га құрастырады, соның ішінде:

— ауылшаруашылық мақсатындағы жер 368,2 мың.га, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге бекітілген;

— елді мекендердің жері (13 ауылдық округтер) 87,6 мың.га құрастырады;

— өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер– 5,8 мың.га;

— су қорының жері – 8,7 мың.га.

— орман қорының жері – 23 мың.га;

— босалқы жер – 97,5 мың. га, соның ішінде ауылшаруашылығы алқаптар 80,0 мың. га, соның ішінде 37,9 мың. га тыңайған жер,              17,3 мың. га шабындықтар, 24,3 мың. га жайылымдар.

Пайдаланбайтын ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына көлемі 62887,3 га пайдаланбайтын 89 жер учаскелері айқындалды (олардың 63 анықталған учаске бойынша ескерту бағытталды). Өткізілген жұмыстар қорытындысы бойынша келесі шаралар қолданды:

— көлемі 14719,8 га пайдаланбайтын 15 жер пайдаланушылар қолдануға кірісті;

— мемлекеттік меншікке көлемі 4129,3 га 35 жер учаске қайтарылды;

— көлемі 4694 га 6 жер пайдаланушылар бойынша материалдар он еселік салық төлеуге бағытталды.

Сонымен, қалған көлемі 39344,1 га 33 пайдаланбайтын жер учаскелері бойынша жұмыс жүргізілуде және ерекше бақылауда тұр.

Сөйтіп, жер учаскелерін пайдалану қажеттілігі туралы 10 ескерту хат алушының жоқтығына байланысты ауданның жер қатынастары бөліміне қайтып келді. Жер пайдаланушылардың мекен жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа, Павлодар ауданында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбайтын және тиімсіз қолданатын ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тексеруді өткізу бойынша 2019 жылғы                4 маусымдағы аудан әкімдігінің № 175/6 қаулысымен бекітілген жұмыс тобы Ефремовка, Кеңес және Шақат ауылдық округтарға шықты.

Шығу кезінде 10143,2 га көлемде 12 пайдаланбайтын ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелер белгіленді. Жер учаскелерді визуалды зерттеу актілер жасалды және ескертуді алған күннен 30 күнтізбелік күн ішінде жер учаскелерді пайдалану қажеттілігі туралы ескерту бағытталды. Бүгінгі күнге жер пайдаланушылармен ескертулерді қабылдау туралы хабарландыру ауданның жер қатынастары бөліміне түскен жоқ. Жер учаскелерді пайдалану бойынша шараларды қолданбаған кезінде аталған жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шаралар қолданады.

 

1.3. Құрылыс

01.07.2019 ж. орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2007,895 млн. теңге құрады, НКИ – 129,9%.

01.08.2019 ж. болжамды НКИ – 115,0% (1618,2 млн.теңге)

 

Ауданның ауылдық округтерінде ЖТҮҚ, жаңа жеке тұрғын үйлер енгізілуде.

Пайдалануға берілген тұрғын үй

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2520 ш.м. (НКИ – 105,5%).

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 2520 ш.м.:

Объектің атауы Объектілер саны ш.м.
1 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 510,1
2 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 188,0
3 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 63,6
4 Черноярка ауылында тұрғын үй 1 87,8
5 Госплемстанция ауылында тұрғын үй 1 83,7
6 Госплемстанция ауылында тұрғын үй 1 92,2
7 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 74,5
8 Новоямышево ауылында тұрғын үй 1 57,9
9 Сычевка ауылында тұрғын үй 1 38,9
10 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 97,8
11 Красноармейка ауылында тұрғын үй 1 72,5
12 Розовка ауылында тұрғын үй 1 94,3
13 Черноярка ауылында тұрғын үй 1 40,7
14 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 62,4
15 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 189,8
16 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 189,8
17 Набережное ауылында тұрғын үй 1 23,9
18 Достық ауылында тұрғын үй 1 248,7
19 Мичурино ауылында тұрғын үй 1 67,3
20 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 131,7
21 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 103,5
  Барлығы 21 2520

01.08.2019 ж. болжам – 2517 кв.м (100,1% 2018 жылғы тиісті кезеңге)

 

  1. Инвестициялар

01.07.2019 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 4078,7 млн. теңге құрады, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда НКИ 107,9%

01.08.2019 ж. инвестициялар болжамды көлемі – 5000,0 млн. теңге (100,0%).

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

01.07.2019 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1322 бірлікті (101,4%) құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрған 1204 бірлік (108,0%). Үлесі 91,1%.

 

  1. Сауда

01.07.2019 ж. бөлшек сауда айналымы 1195,9 млн. теңге құрады, немесе 146,0%.

01.08.2019 ж. НКИ болжамы – 136,0% (1602,5 млн.теңге)

 

  1. Бюджет

2019 жылғы қаңтар-маусым жағдайы бойынша аудан бюджетінің түзетілген көлемі жалпы 6340,9 млн. теңге құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің салыстырмалы салмағы 89,3% немесе 5666,2 млн. теңгеге тең.

Аудан бюджетіне жеке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі 376,9 млн. теңге, жоспарланған 353,6 млн. теңге немесе 106,6%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9% орындалған (есеп кезеңіне жоспарланған 3343,2 млн. теңге, орындалу 3342,9 млн. теңге құрады).

 

Бюджеттің 4 деңгейі

2019 жылғы қаңтар-маусым жағдайы бойынша ауданның 9 ауылдық округтер бюджетінің түзетілген көлемі 771,5 млн. теңге құрады. Ауылдық округ бюджетіне нысаналы трансферттер көлемі – 714,1 млн.теңге, ол бюджеттің жалпы көлемінен 92,6% құрады.

Бюджетке жеке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі 33,8 млн. теңге құрады, жоспарланған кезеңде 27,6 млн. теңге, немесе 122,5%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалды, жоспарланған – 383,9 млн. теңге, орындалу – 383,1 млн. теңге құрады.

  1. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

01.07.2019 ж. жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту мекемелеріне 636 адам жүгінді.

Жұмысқа орналастырылғандар 598 (2018 жылы – 399), оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 145, әлеуметтік жұмыс орындарына – 49, жастар тәжірибесіне – 10, тұрақты жұмыс орнына орналастыру – 394.

Жұмыспен қамту бөлімінде есепке тіркелген жұмыссыздар – 303 (2018 ж.- 217).

415 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 155 – тұрақты (үлесі – 37,3%, жоспарланған – 35,4%).

Жоспарланған 46 отбасы (184 адам), облыстық аумақтық комиссия шешімімен 10 адам оралмандар (2 отбасы (7 адам) және 3 жалғызбас), 64 адам қоныс аударушы (13 отбасы (60 адам) және 4 жалғызбас) квотаға қосылды.

6.2 Еңбекақы төлеу

2019 жылдың І-квартал бойынша бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 101279 теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 117,3%.

Жалақыны төлеу бойынша мерзімі өткен қарыздар жоқ.

 

  1. Білім беру

Павлодар ауданының білім беру жүйесі 26 жалпы білім беру мектебін қамтиды: 15 орта, 6 негізгі, 5 бастауыш.

Оқушылар құрамы 3825 адамды құрады. Мұғалім саны 596 адам, педагогтар 647 құрады.

2 мектеп жанындағы интернат, 1 өнер мектебі әрекет етеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 31 мектепке дейінгі мекеме, бюджеттен қаржыландырылатын – 30 (21 шағын орталығы, 9 балабақша) және 1 жеке меншік бала бақша жұмыс істейді.

Жалпы аудан бойынша 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы 99% құрады, 3-тен  6 жасқа дейін – 100%.

2019 жылға бөлінді:

464067015 «Мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекеменің күрделі қаржы шығындары» бағдарлама бойынша аудан мектептеріне жаңа формат бойынша мемлекеттік бейнелемелерді сатып алу үшін 3423,0 мың теңге бөлінді.

2019 жылғы 29 наурыздағы Павлодар аудандық мәслихаттың 51 кезектен тыс 6 шақырылымының № 51/231 шешімі негізінде 464067015 «Мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекемелер және ұйымдар күрделі қаржы шығындары» бағдарлама бойынша жоспарлы қаражаттандыру 26100 мың теңгеге ұлғайды: Луганск ЖББОМ шатырын күрделі жөндеуге ақшалай қаражат 16100,0 мың теңге; облыстық бюджеттен 10000,0 мың теңге Чернорецк № 2 ЖББОМ биология кабинетіне, Красноармейка ЖББОМ химия кабинетіне.

Ямышев ЖББОМ шатыры мен терезесін ағымдағы жөндеуге ақшалай қаражат 23127,0 мың теңге бөлінді, конкурс қорытындысы бойынша – 23126,6 мың теңге. Жұмыстар басталды.

Чернорецк № 1 ЖББОМ жылыту жүйесін ағымдағы жөндеуге 13730,0 мың теңге бөлінді, конкурс қорытындысы бойынша – 9408,0 мың теңге. Жұмыстар басталды.

Чернорецк № 2 ЖББОМ шатырын ағымдағы жөндеуге                     4620,0 мың теңге бөлінді, конкурс бойынша – 3988,0 мың теңге. Жұмыстар басталды.

Заря ЖББОМ терезе блоктарын ағымдағы жөндеуге 20164,0 мың теңге бөлінді, конкурс бойынша – 20163,9 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.

Мичурин ЖББОМ терезелерін ағымдағы жөндеуге ақшалай қаражат 10000,0 мың теңге бөлінді, конкурс бойынша – 8310,5 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.

Красноармейка ЖББОМ футбол алаңын ағымдағы жөндеуге ақшалай қаражат 5383,0 мың теңге, конкурс бойынша – 5382,3 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі 30 емдеу-алдын алу ұйымдары желісімен ұсынылған: 1 емхана; 10 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық бекет, сондай-ақ 3 ФАБ.

Медициналық көмек көрсететін 41 дәрігер және 131 орта медициналық қызметкерлер.

2019 жылғы 1 шілде жағдайына туберкулезбен науқастану көрсеткіші 100 мың халыққа 69,0 құрады, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аурудың өсуі 49,7% байқалды (2018 ж. – 46,1). Облыстық көрсеткіш – 100 мың халыққа 46,7 құрады (2018 ж. – 47,4).

Қатерлі ісік диагнозымен «Д» есепте (онкологиялық ауру) 308 пациент тұр (2018 ж. – 302). Ауру көрсеткіші 100 мың халыққа өткен жылдың ұқсас кезеңінен 25,7%-ға төмендеді және 245,3 құрады (2018 жылы – 330,2). Облыстық көрсеткіш 100 мың халыққа 325,5 құрады (2018 ж. – 294,9).

 

  1. Жолдар

Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 202,1 км құрады, соның ішінде 125,8 км – асфальт жабынды және 76,3 км – топырақты және -топырақты – щебень жабынды.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар үлесі — 93,8% (189,57 км).

Жолдарды орташа жөндеу:

2019 жылы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қаржы қаражат бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатынан:

— Новоямышево – Ольгинка аудандық маңызы бар 13,1 – 21 шақырым (7,63 шақырым), сомасы 146307,0 мың теңгеге шарт жасады. Мердігер ұйым «АВМ-98» ЖШС. 1 шілдеге 7,63 шақырым асфальт төселді, кедір-бұдырлық үстінгі өндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан:

— аудандық маңызы бар Мичурин-Жамбыл (Үміт апа) жолы, 5,5-7,5 км (2 км) учаске, 25410,1 мың теңгеге шарт жасалды. Мердігер ұйым «Дорстрой» ЖШС. 1 шілдеге 2 шақырым асфальт төселді, жолда белгі қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық бюджет қаражатынан:

— шарт бойынша 12134,2 мың теңге Сычевка ауылына кіреберіс (1,5 км). Мердігер ұйым «БонусСтрой» ЖШС. Жұмыстар басталған жоқ;

— Новоямышево ауылында Құнаев көшесі (0,404 шақырым), шарт бойынша 5824,0 мың теңге. Мердігер ұйым «Ғұмыр» ЖШС. Жұмыстар басталған жоқ;

— Новоямышево ауылында Байтұрсынов, Тәуелсіздік және Пушкин көшелері (1,37 шақырым), шарт бойынша 25888,0 мың теңгеге. Мердігер ұйым «АВМ-98» ЖШС. Жұмыстар басталды (табанды дайындау жүргізілуде).

2019 жылы аудандық бюджеттен бөлінді: жолдарды ұстауға 17,5 млн. теңге, соның ішінде ағымдағы жөндеуге 8,5 млн. теңге.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

13 ауылдық округтарда 13 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс атқарады, олардың 8 қызметтік автокөлігі бар.

13 қоғамдық құрамалар жұмыс атқарады, олардың ішінде 38 қоғамдық полиция көмекшілері.

Есеп кезеңінде 98 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, соның ішінде 50 – ұрлық, 1 – қастықпен өлтіру, 3 – тонау (2018 ж. – 97, соның ішінде 1 – қастықпен өлтіру, 66 – ұрлық).

Қоғамдық жағдай тұрақты түрде.