2019 жылғы қаңтар – сәуір ӘЭД негізгі қорытындысы

 

 

Базалық макрокөрсеткіштер

Сала ФАКТ

2019 ж. қаңтар — сәуір

Өлшем бірлігі   НКИ, % облыс бойынша орны
Өнеркәсіп млн. теңге 1039 129,9 5
Ауыл шаруашылығы млн. теңге 5045,6 109,9 2
Инвестициялар млн. теңге 1416 70,5 10
Құрылыс млн. теңге 168,316 42,5 10
Тұрғын үй қосу мың ш. м 1502 79,1 10
Бөлшек сауда млн. теңге   181,7 4
Әрекеттегі ШОК субъектілердің саны бірлік 1221 109 8
үлес 91,87 7

 

  1. Экономиканың нақты бөлігі

1.1 Өнеркәсіп

2019 ж. 01.05. –ге өнеркәсіп өндірісінің көлемі 709,2 млн. теңге құрастырды, НКИ – 139,5%.

Дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспалары, ірі тартылған қарақұмық жармасы және ұны, жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру, нан және ұн өнімдері, сонымен қатар электр энергиясын сату бойынша қызметтердің көлемдері жоғарлады.

— өндеу өнеркәсібінің НКИ – 135,1% (өсуі себептері – тамақ өнімдерін өндіру 135,1% (ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру 175,5%, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 141,4%, нан және ұн өнімдерін өндіру 113,5%) есебінен және жеңіл өнеркәсіп 108,4% (тоқыма бұйымдарының өндірісі 111,8%);

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау НКИ 161,8% құрады;

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау НКИ 15,0%. Төмендеу өткен, 2018, жылдың ұқсас кезеңінде ірі су тұтынушы – «АДИС» ЖШС (Черноярка ауылдық округі) егінде суару үшін пайдалануға кірісуіне байланысты. Ағымдағы жылы суару кешірек басталады.

01.06.2019 болжамды НКИ – 115,0% (1298,8 млн.теңге).

 

1.2. Ауыл шаруашылығы

2019 ж. 01.05. –ге ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5045,6 млн. теңге құрастырды, НКИ – 109,9%.

01.05.2019 болжамды НКИ –103,0% (6306,4 млн.теңге)

 

ІҚМ басының саны – 49,024 мың. бас (106,8%), соның ішінде сиыр – 16,529 мың бас (100,8%); жылқы – 14,1244мың. бас (115,0%); қой – 39,565 мың. бас (101,2%); ешкі – 2,035 мың. бас (100,0%); шошқа – 24,401 мың. бас (149,9%); құс – 23,093 мың. бас (79,4%).

Құс басының төмендеуі: «Нургазин» жеке кәсіпкер, Черноярка ауылдық округі, кәсіпорынды жапты.

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2019 жылғы 1 мамыр жағдайына құрады:

– ет 4949,9 тонна (113,5%).

01.06.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 104,0% (5800 тонна)

– сүт 13659,0 тонна (101,8%)

01.06.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 101,0% (18723,3 тонна)

– жұмыртқа 823,9 мың.дана (87,5 %).

01.06.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 90,0% (1318,7 мың.дана)

Павлодар ауданы аумағында 15 АӨК әрекет жасайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдер өндіруімен 15 кәсіпорын айналысады:

сүт өндеу – 1 кәсіпорын («Родная долина» АӨК- Мичурино ауылы);

ет өндеу – жартыөнім жасау жөніндегі цех – 3 («Луганск» ӨК – Луганск ауылы, «Темирком» ЖШС – Черноярка ауылы, «Кусаинова» ЖК – Ольгинка ауылы);

наубайхана – 7 («Луганск» ӨК – Луганск ауылы, Солдатова ЖК- Новочерноярка ауылы, Таушкина ЖК – Новочерноярка ауылы, Рустемова ЖК – Красноармейка ауылы, Жуматаева «Береке» ЖК – Новоямышево ауылы, Кусаинова ЖК – Ольгинка ауылы, Кох ЖК – Рождественка ауылы);

жарма бұйымдарының өндірісі – 1 («Зерноград» ЖШС — Рождественка ауылы);

диірмен – 1 («Зерноград» ЖШС — Рождественка ауылы);

кондитерлік бұйымдарының өндірісі – 2 (Солдатова ЖК –Новочерноярка ауылы, Таушкина ЖК –Новочерноярка ауылы).

19 дайындау пункті жасайды, соның ішінде сүт дайындау жөнінде – 18, ет – 1.

 

Жер қоры

Аудан жерлерінің жалпы көлемі 589 мың. га құрастырады, соның ішінде

ауылшаруашылық мақсатындағы жер 368,2 мың.га, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге бекітілген.

елді мекендердің жері (13 ауылдық округтер) 87,6 мың.га құрастырады;

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер– 5,8 мың.га;

су қорының жері – 8,7 мың.га.

орман қорының жері – 23 мың.га;

босалқы жер – 97,5 мың. га, соның ішінде ауылшаруашылығы алқаптар 80,0 мың. га, соның ішінде 37,9 мың. га тыңайған жер,              17,3 мың. га шабындықтар, 24,3 мың. га жайылымдар.

 

2019 жылғы 1 мамыр жағдайына көлемі 11734,22 га  шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, ауылшаруашылық өндіріске берілген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбайтын 37 жер учаскелері айқындалды. Барлық жер учаскелер бойынша анықталған жұмыстар өтті, қорытындысы бойынша:

— жер пайдаланушылармен өткен жұмыс және әңгімеден кейін мемлекеттік меншікке жалпы көлемі 1102,7 га 15 жер учаске қайтарылды.

— 5 (бес) жер учаскенің жер пайдаланушылары көлемі 3376,92 га пайдалануға кірісті, яғни барлық тиісті статистикалық есептілікті сәйкестендірді және мал түлігін тіркеді (Т.М. Кайтаев «Дидар» ШҚ 784,1 га көлемінде, К.А. Сарсенов 986,1 га көлемінде, «Ахметова» ШҚ Серик Ехсанович Ахметов 172 га көлемінде, Канат Бек-Мухаметович Кожабеков 639,7 га көлемінде, «Московка» ШҚ Меруерт Серикбаевна Сулейменова 795,02 га көлемінде).

Көлемі 7254,6 га қалған пайдаланбайтын 17 жер учаскелер бойынша жер учаскелерді қолдану қажеттілігі туралы ескерту бағытталды.

Бүгінгі күнге

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 509 бабы тәртібінде көлемі 3910,9 га 5 жер учаске бойынша салықтың көтеріңкі мөлшерлемесін төлеуге тарту үшін бағытталды (Б.Д. Канкин 2356,0 га көлемінде, А.К. Искаков 46,5 га көлемінде, Т.Б. Байгушкаров 299,2 га көлемінде, Д.Е. Жунусов 1014,2 га көлемінде және Р.К. Ахметбеков 195,0 га көлемінде, есептеуге болжалды сомасы 264 мың теңге құрады);

— көлемі 647,6 га 1 жер учаске бойынша – жер учаскеден өз еркімен бас тарту (Федоров С.В.);

— көлемі 2696,1 га қалған 11 жер учаске бойынша жұмыс жүгізілуде және ерекше бақылауда тұр.

Пайдаланбайтын жыртуға жарамды жер учаскелерді анықтау бойынша жұмыс пайдаланбайтын және тиімді қолданбайтын жер учаскелерді анықтау бойынша мониторинг тобы орынға шығу арқылы көктемгі-дала жұмыстарынан кейін жүзеге асырылады.

Осы бағытта жұмыстар жалғастырылады және ауданның жер қатынастары бөлімінің айрықша бақылауында тұр.

 

1.3. Құрылыс

01.05.2019 ж. орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 168,316 млн. теңге құрады, НКИ – 42,5%.

01.06.2019 ж. болжамды НКИ – 34,6% (339,3 млн.теңге)

 

Ауданның ауылдық округтерінде ЖТҮҚ, жаңа жеке тұрғын үйлер енгізілуде.

Пайдалануға берілген тұрғын үй

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 1502 ш.м. (НКИ – 79,1%).

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 1502 ш.м.:

Объектің атауы Объектілер саны ш.м.
1 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 510,1
2 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 188,0
3 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 63,6
4 Черноярка ауылында тұрғын үй 1 87,8
5 Госплемстанция ауылында тұрғын үй 1 83,7
6 Госплемстанция ауылында тұрғын үй 1 92,2
7 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 74,5
8 Новоямышево ауылында тұрғын үй 1 57,9
9 Сычевка ауылында тұрғын үй 1 38,9
10 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 97,8
11 Красноармейка ауылында тұрғын үй 1 72,5
12 Розовка ауылында тұрғын үй 1 94,3
13 Черноярка ауылында тұрғын үй 1 40,7
Барлығы 13 1502

01.05.2019 ж. болжам – 1602 кв.м (67,0% 2018 жылғы тиісті кезеңге)

 

  1. Инвестициялар

01.05.2019 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1415,7 млн. теңге құрады, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда НКИ 70,5%

01.06.2019 ж. инвестициялар болжамды көлемі – 1865,0 млн. теңге (75,0%). 2018 жылдың ұқсас кезеңінде «предприятие «РУБиКОМ» ЖШС жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге «Шошқа кешенін кеңейту» ірі жобаны жүзеге асырды, 2017 жылдың ұқсас кезеңіне НКИ 6,9 рет жоғары болды.

2019 жылғы 01.06. ірі жобалар жүзеге асырылуы болжалмайды.

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

01.05.2019 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1329 бірлікті (105,9%) құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрған 1221 бірлік (109,0%). Үлесі 91,9%.

 

  1. Сауда

01.05.2019 ж. бөлшек сауда айналымы 766,996 млн. теңге құрады, немесе 181,7%.

01.06.2019 ж. НКИ болжамы – 150,0% (958,6 млн.теңге)

 

  1. Бюджет

2019 жылғы қаңтар – сәуір жағдайы бойынша аудан бюджетінің түзетілген көлемі жалпы 5801,5 млн. теңге құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің салыстырмалы салмағы 88,4% немесе 5126,7 млн. теңгеге тең.

Аудан бюджетіне жеке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі 224,95 млн. теңге, жоспарланған 185,97 млн. теңге немесе 121%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9% орындалған (есеп кезеңіне жоспарланған 2066,03 млн. теңге, орындалу 2065,5 млн. теңге құрады).

 

Бюджеттің 4 деңгейі

2019 жылғы қаңтар – сәуір жағдайы бойынша ауданның 9 ауылдық округтер бюджетінің түзетілген көлемі 719,72 млн. теңге құрады. Ауылдық округ бюджетіне нысаналы трансферттер көлемі – 663,37 млн.теңге, ол бюджеттің жалпы көлемінен 92,2% құрады.

Бюджетке жеке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі 20,9 млн. теңге құрады, жоспарланған кезеңде 18,65 млн. теңге, немесе 112,1%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9% орындалды, жоспарланған – 241,9 млн. теңге, орындалу – 241,85 млн. теңге құрады.

  1. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

01.05.2019 ж. жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту мекемелеріне 313 адам жүгінді.

Жұмысқа орналастырылғандар 202 (2018 жылы – 238), оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 63, әлеуметтік жұмыс орындарына – 29, жастар тәжірибесіне – 9, тұрақты жұмыс орнына орналастыру – 101.

Жұмыспен қамту бөлімінде есепке тіркелген жұмыссыздар – 258 (2018 ж.- 228).

01.05.2019 ж. жағдай бойынша Павлодар ауданында 142 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 83 – тұрақты (58,4%).

01.05.2019 ж. жағдай бойынша қоғамдық жұмысқа 63 жұмыссыздар жіберілді.

Жоспарланған 48 отбасы 190 адам, облыстық аумақтық комиссия шешімімен 7 адам оралмандар (1 отбасы 4 адам және 3 жалғызбас), 45 адам қоныс аударушы (9 отбасы 41 адам және 4 жалғызбас) квотаға қосылды.

6.2 Еңбекақы төлеу

2019 жылдың қаңтар-наурыз бойынша бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 101279 теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 117,3%.

Жалақыны төлеу бойынша мерзімі өткен қарыздар жоқ.

 

  1. Білім беру

Павлодар ауданының білім беру жүйесі 26 жалпы білім беру мектебін қамтиды: 15 орта, 6 негізгі, 5 бастауыш.

Оқушылар құрамы 3799 адамды құрады. Мұғалім саны 596 адам, педагогтар 643 құрады.

2 мектеп жанындағы интернат, 1 өнер мектебі әрекет етеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 31 мектепке дейінгі мекеме, бюджеттен қаржыландырылатын –30 (21 шағын орталығы, 9 балабақша) және 1 жеке меншік бала бақша жұмыс істейді.

Жалпы аудан бойынша 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы 99% құрады, 3-тен  6 жасқа дейін – 100%.

2019 жылға бөлінді:

464067015 «Мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекеменің күрделі қаржы шығындары» бағдарлама бойынша аудан мектептеріне жаңа формат бойынша мемлекеттік бейнелемелерді сатып алу үшін 3423,0 мың теңге бөлінді.

2019 жылғы 29 наурыздағы Павлодар аудандық мәслихаттың 51 кезектен тыс 6 шақырылымының № 51/231 шешімі негізінде 464067015 «Мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекемелер және ұйымдар күрделі қаржы шығындары» бағдарлама бойынша жоспарлы қаражаттандыру 26100 мың теңгеге ұлғайды: Луганск ЖББОМ шатырын күрделі жөндеуге ақшалай қаражат 16100,0 мың теңге; облыстық бюджеттен 10000,0 мың теңге Чернорецк № 2 ЖББОМ биология кабинетіне, Красноармейка ЖББОМ химия кабинетіне.

Ямышев ЖББОМ шатырын ағымдағы жөндеуге ақшалай қаражат 20179,0 мың теңге.

Чернорецк № 1 ЖББОМ жылыту жүйесін ағымдағы жөндеуге 13730,0 мың теңге бөлінді.

Чернорецк № 2 ЖББОМ шатырын ағымдағы жөндеуге                     4620,0 мың теңге бөлінді.

Заря ЖББОМ терезе блоктарын ағымдағы жөндеуге 20164,0 мың теңге бөлінді.

Мичурин ЖББОМ шатырын ағымдағы жөндеуге ақшалай қаражат 10000,0 мың теңге.

Красноармейка ЖББОМ футбол алаңын ағымдағы жөндеуге ақшалай қаражат 4500,0 мың теңге.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі 30 емдеу-алдын алу ұйымдары желісімен ұсынылған: 1 емхана; 10 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық бекет, сондай-ақ 3 ФАБ.

Медициналық көмек көрсететін 41 дәрігер және 131 орта медициналық қызметкерлер.

2019 жылғы 1 мамыр жағдайына туберкулезбен науқастану көрсеткіші және 100 мың халыққа 92,0 құрады, өткен жылмен салыстырғанда аурудың 75%-ға өсуі байқалды (2018 ж. – 23,0). Облыстық көрсеткіш 100 мың халыққа 47,0 құрады (2018 ж. – 45,5).

Қатерлі ісік диагнозымен «Д» есепте (онкологиялық ауру) 301 пациент тұр (2018 ж. – 297). Ауру көрсеткіші 100 мың халыққа өткен жылдың ұқсас кезеңінен 34,4%-ға төмендеді және 241,5 құрады (2018 жылы – 368,6). Облыстық көрсеткіш 100 мың халыққа 328,3 құрады (2018 ж. – 282,6).

 

  1. Жолдар

Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 202,1 км құрады, соның ішінде 125,8 км – асфальт жабынды және 76,3 км – топырақты және -топырақты – щебень жабынды.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар үлесі — 93,8% (189,57 км).

Жолдарды орташа жөндеу:

2019 жылы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қаржы қаражат бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатынан:

— Новоямышево – Ольгинка аудандық маңызы бар 13,1 – 21 шақырым (7,63 шақырым), сомасы 146307,0 мың теңгеге шарт жасады. Мердігер ұйым «АВМ-98» ЖШС, жұмыстар басталған жоқ.

Аудандық бюджет қаражатынан:

— Новоямышево ауылында Құнаев көшесі (0,404 шақырым), сомасы 6211,0 мың теңгеге шарт жасады. Мердігер ұйым «Ғұмыр» ЖШС. Жұмыстар басталған жоқ.

— Новоямышево ауылында Байтұрсынов, Тәуелсіздік және Пушкин көшелері (1,37 шақырым), сомасы 25888,0 мың теңгеге шарт жасады. Мердігер ұйым «АВМ-98» ЖШС. Жұмыстар басталған жоқ.

2019 жылы аудандық бюджеттен бөлінді: жолдарды ұстауға 23,0 млн. теңге, соның ішінде ағымдағы жөндеуге 4,0 млн. теңге. 2019 жылға бюджетті түзету шеңберінде 5,5 млн. теңге секвестрленді.

Осылайша, жолдарді ұстауға 17,5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде ағымдағы жөндеуге 3 млн. теңге.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

13 ауылдық округтарда 13 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс атқарады, олардың 8 қызметтік автокөлігі бар.

13 қоғамдық құрамалар жұмыс атқарады, олардың ішінде 38 қоғамдық полиция көмекшілері.

Есеп кезеңінде 58 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, соның ішінде 25 – ұрлық, 1 – қастықпен өлтіру, 1 – тонау (2018 ж. – 63, соның ішінде 1 – қастықпен өлтіру, 39 – ұрлық).

Қоғамдық жағдай тұрақты түрде.