2019 жылғы қаңтар-шілде ӘЭД негізгі қорытындысы

Базалық макрокөрсеткіштер

Сала ФАКТ

2019 ж. қаңтар-шілде

Өлшем бірлігі   НКИ, % облыс бойынша орны
Өнеркәсіп млн. теңге 2092,5 85,2 10
Ауыл шаруашылығы млн. теңге 10130,8 104,3 3
Инвестициялар млн. теңге 4616,5 99,1 11
Құрылыс млн. теңге 2013,7 124,4 5
Тұрғын үй қосу мың ш. м 2685 106,7 8
Бөлшек сауда млн. теңге 1580,6 133,0 2
Әрекеттегі ШОК субъектілердің саны бірлік 1207 108,0 8
үлес 90,8 8

 

  1. Экономиканың нақты бөлігі

1.1 Өнеркәсіп

2019 ж. 01.08.-на өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2092,5 млн. теңге құрастырды, НКИ – 85,2%.

Сүт өнімдері, тауарлық бетон, жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу, нан және ұн өнімдері, ішуге жарамсыз судың көлемдері төмендеді.

— өндеу өнеркәсібінің НКИ – 87,9%, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 31,6% құратын сүт өнімдерін өндіруін төмендету есебінен. Есеп кезеңінде сүт өнімдерін өндіру НКИ 68,6% құрады. Сонымен қатар НКИ көрсеткіштерінің төмендеуіне: жеңіл өнеркәсіп 94,0% және өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 0,2%.

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау НКИ 156,7% құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу 149,5% құрады. Бу беру және ауа баптау жүйелері 291,8% құрады;

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау НКИ 45,8%. Суды жинау, өндеу және бөлу төмендеді.

01.09.2019 болжамды НКИ – 100,0% (2800,0 млн. теңге).

 

1.2. Ауыл шаруашылығы

2019 ж. 01.08.-на ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 10130,8 млн. теңге құрастырды, НКИ – 104,3%.

01.09.2019 болжамды НКИ – 104,0% (16121,6 млн.теңге)

 

ІҚМ басының саны – 42,457 мың. бас (103,8%), соның ішінде сиыр – 16,582 мың бас (96,1); жылқы – 11,769 мың. бас (98,0%); қой – 36,791 мың. бас (100,3%); ешкі – 1,454 мың. бас (82,5%); шошқа – 25,912 мың. бас (137,2%); құс – 25,563 мың. бас (91,0%).

Аналық мал басының төмендеу себебі – 676 басқа сиыр басының төмендеуіне жол берілді, негізгі төмендеу шаруа және фермер қожалықтарында.

Төмендеу себептерінің бірі 145 бас малдың «Шорманова» шаруа қожалығынан кооперативке аударуымен байланысты.

Жылдың басынан шаруа қожалықтарында бруцеллезге оң қорытындысына байланысты 268 бас сиыр сойылды.

Жылқы басының төмендеу себебі – аудан бойынша жылқы басы 240 басқа төмендеді. Шаруа ішіндегі қажеттікке малды сою себебінен төмендеуге жол берілді.

Ешкі басының төмендеуі – 1 тамызға аудан бойынша ешкі басының саны 309 басқа төмендеді, негізгі ешкі басының төмендеуі халық шаруашылықтарында.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ешкі басының төмендеуінің негізгі себебі – мал өсіру үшін жайылымдық алқаптарының жетіспеушілігі, жүнге сұраныс жоқ және өткізу жүйесі жоқ. Төл-лақ аудан бойынша 146 басқа төмендеді.

Құс басының төмендеуі 2123 басқа жеке қосалқы шаруашылықтарда орын алды, себебі құсты асыруға шығындардың өсуі (жемнің қымбат болуы).

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2019 жылғы 1 тамыз жағдайына құрады:

– ет 8980,8 тонна (106,4%).

01.09.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 103,0% (9939,5 тонна)

– сүт 29374,5 тонна (101,5%)

01.09.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 101,0% (34276,0 тонна)

– жұмыртқа 2239,1 мың.дана (91,8%).

01.09.2019 ж. болжамды көрсеткіш – 100,0% (2865,2 мың.дана)

Павлодар ауданы аумағында 15 АӨК әрекет жасайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдер өндіруімен 15 кәсіпорын айналысады:

сүт өндеу – 1 кәсіпорын («Родник и К» ЖШС – Заря ауылы);

ет өндеу – жартыөнім жасау жөніндегі цех – 3 («Луганск» ӨК – Луганск ауылы, «Темирком» ЖШС – Черноярка ауылы, «Кусаинова» ЖК – Ольгинка ауылы);

наубайхана – 7 («Луганск» ӨК – Луганск ауылы, Солдатова ЖК- Мичурино ауылы, Таушкина ЖК – Новочерноярка ауылы, Рустемова ЖК – Красноармейка ауылы, Жуматаева «Береке» ЖК – Новоямышево ауылы, Кусаинова ЖК – Ольгинка ауылы, Кох ЖК – Рождественка ауылы);

жарма бұйымдарының өндірісі – 1 («Зерноград» ЖШС — Рождественка ауылы);

диірмен – 1 («Зерноград» ЖШС — Рождественка ауылы);

кондитерлік бұйымдарының өндірісі – 2 (Солдатова ЖК –Мичурино ауылы, Таушкина ЖК –Новочерноярка ауылы).

18 дайындау пункті жасайды, соның ішінде сүт дайындау жөнінде – 17, ет – 1.

 

Жер қоры

Аудан жерлерінің жалпы көлемі 589 мың. га құрастырады, соның ішінде:

— ауылшаруашылық мақсатындағы жер 368,2 мың.га, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге бекітілген;

— елді мекендердің жері (13 ауылдық округтер) 87,6 мың.га құрастырады;

— өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер– 5,8 мың.га;

— су қорының жері – 8,7 мың.га.

— орман қорының жері – 23 мың.га;

— босалқы жер – 97,5 мың. га, соның ішінде ауылшаруашылығы алқаптар 80,0 мың. га, соның ішінде 37,9 мың. га тыңайған жер,              17,3 мың. га шабындықтар, 24,3 мың. га жайылымдар.

Пайдаланбайтын ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

 

Павлодар ауданында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбайтын және тиімсіз қолданатын ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тексеруді өткізу бойынша 2019 жылғы                4 маусымдағы аудан әкімдігінің № 175/6 қаулысымен бекітілген жұмыс тобы ауылдық округтарға және Ольгинка ауылына шықты.

Сонымен, 2019 жылдың 7 ай ішінде көлемі 88564,2 га пайдаланбайтын 146 жер учаскелері айқындалды. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жер пайдаланушыларға жер учаскелерді қолдану қажеттілігі туралы ескертулер жіберілді.

Жіберілген ескертулер қорытындысы бойынша келесі жұмыс жасалды:

— көлемі 19203,02 га 23 жер пайдаланушылар жер учаскелерді қолдануға кірісті;

— мемлекеттік меншікке көлемі 4129,3 га 35 жер учаске қайтарылды;

— көлемі 4694 га 6 жер пайдаланушылар бойынша материалдар он еселік салық төлеуге бағытталды.

Барған шығулар бойынша жер учаскелерді визуалды зерттеу актілер жасалды және жер учаскелерді пайдалану қажеттілігі туралы ескерту бағытталды.

Жер пайдаланушылар ескертуді алған күннен 30 күнтізбелік күн ішінде жер қатынастары бөлімімен анықталған жер заңнамасын бұзуды жою мәнін бақылау үшін шығулар өткізіледі

Бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қолданбаған кезінде аталған жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шаралар, әкімшілік іс қозғауға және он еселік салық төлеуге материалдарды жіберу, шарттарды біржақты тәртіппен бұзу қолданады.

Сонымен, жіберілген 82 ескерту бойынша көлемі 60537,78 га жер учаскелері бойынша жұмыс жалғастырылуда.

 

1.3. Құрылыс

01.08.2019 ж. орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2013,7 млн. теңге құрады, НКИ – 124,4%.

01.09.2019 ж. болжамды НКИ – 112,5% (2013,7 млн.теңге)

 

Ауданның ауылдық округтерінде ЖТҮҚ, жаңа жеке тұрғын үйлер енгізілуде.

Пайдалануға берілген тұрғын үй

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2685 ш.м. (НКИ – 106,7%).

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 2685 ш.м.:

Объектің атауы Объектілер саны ш.м.
1 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 510,1
2 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 188,0
3 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 63,6
4 Черноярка ауылында тұрғын үй 1 87,8
5 Госплемстанция ауылында тұрғын үй 1 83,7
6 Госплемстанция ауылында тұрғын үй 1 92,2
7 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 74,5
8 Новоямышево ауылында тұрғын үй 1 57,9
9 Сычевка ауылында тұрғын үй 1 38,9
10 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 97,8
11 Красноармейка ауылында тұрғын үй 1 72,5
12 Розовка ауылында тұрғын үй 1 94,3
13 Черноярка ауылында тұрғын үй 1 40,7
14 Новочерноярка ауылында тұрғын үй 1 62,4
15 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 189,8
16 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 189,8
17 Набережное ауылында тұрғын үй 1 23,9
18 Достық ауылында тұрғын үй 1 248,7
19 Мичурино ауылында тұрғын үй 1 67,3
20 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 131,7
21 Жаңа қала ауылында тұрғын үй 1 103,5
22 Луганск ауылында тұрғын үй 1 164,9
23 Каракөл ауылында тұрғын үй 1 116,3
24 Шанды ауылында тұрғын үй 1 107,7
  Барлығы 24 2685

01.09.2019 ж. болжам – 2909 кв.м (101,5% 2018 жылғы тиісті кезеңге)

 

  1. Инвестициялар

01.08.2019 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 4616,5 млн. теңге құрады, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда НКИ 99,1%

НКИ көрсеткіштері жетіспеушілігі 2018 жылдың ұқсас кезеңінде ірі жобаларды жүзеге асыруымен байланысты («Предприятие «РУБИКОМ» ЖШС жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге «Расширение свинокомплекса» жобаны жүзеге асырды). Ағымдағы жылдың шілде айында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылған жоқ.

01.09.2019 ж. инвестициялар болжамды көлемі – 5300,0 млн. теңге (100,0%).

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

01.08.2019 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1329 бірлікті (106,3%) құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрған 1207 бірлік (108,0%). Үлесі 90,8%.

 

  1. Сауда

01.08.2019 ж. бөлшек сауда айналымы 1580,6 млн. теңге құрады, немесе 133,0%.

01.09.2019 ж. НКИ болжамы – 120,0% (2510,0 млн.теңге)

 

  1. Бюджет

2019 жылғы қаңтар-шілде жағдайы бойынша аудан бюджетінің түзетілген көлемі жалпы 6556,3 млн. теңге құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің салыстырмалы салмағы 89,2% немесе 5849,6 млн. теңгеге тең.

Аудан бюджетіне жеке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі 428,7 млн. теңге, жоспарланған 393,0 млн. теңге немесе 109,1%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалған (есеп кезеңіне жоспарланған 3995,5 млн. теңге, орындалу 3988,5 млн. теңге құрады).

 

Бюджеттің 4 деңгейі

2019 жылғы қаңтар-шілде жағдайы бойынша ауданның 9 ауылдық округтер бюджетінің түзетілген көлемі 790,5 млн. теңге құрады. Ауылдық округ бюджетіне нысаналы трансферттер көлемі – 732,1 млн.теңге, ол бюджеттің жалпы көлемінен 92,6% құрады.

Бюджетке жеке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі 39,4 млн. теңге құрады, жоспарланған кезеңде 31,4 млн. теңге, немесе 125,5%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9% орындалды, жоспарланған – 444,1 млн. теңге, орындалу – 443,6 млн. теңге құрады.

  1. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

01.08.2019 ж. жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту мекемелеріне 763 адам жүгінді.

Жұмысқа орналастырылғандар 695 (2018 жылы – 455), оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 167, әлеуметтік жұмыс орындарына – 49, жастар тәжірибесіне – 20, тұрақты жұмыс орнына орналастыру – 459.

Жұмыспен қамту бөлімінде есепке тіркелген жұмыссыздар – 323 (2018 ж.- 217).

511 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 190 – тұрақты (үлесі – 37,1%, жоспарланған – 35,4%).

Жоспарланған 48 отбасы (190 адам), облыстық аумақтық комиссия шешімімен 10 адам оралмандар (2 отбасы (7 адам) және 3 жалғызбасты), 73 адам қоныс аударушы (15 отбасы (68 адам) және 5 жалғызбасты) квотаға қосылды.

6.2 Еңбекақы төлеу

2019 жылдың қаңтар – шілде бойынша бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 550 теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 116,1%.

Жалақыны төлеу бойынша мерзімі өткен қарыздар жоқ.

 

  1. Білім беру

Павлодар ауданының білім беру жүйесі 26 жалпы білім беру мектебін қамтиды: 15 орта, 6 негізгі, 5 бастауыш.

Оқушылар құрамы 3825 адамды құрады. Мұғалім саны 596 адам, педагогтар 647 құрады.

2 мектеп жанындағы интернат, 1 өнер мектебі әрекет етеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 31 мектепке дейінгі мекеме, бюджеттен қаржыландырылатын – 30 (21 шағын орталығы, 9 балабақша) және 1 жеке меншік бала бақша жұмыс істейді.

Жалпы аудан бойынша 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы 99% құрады, 3-тен  6 жасқа дейін – 100%.

2019 жылға бөлінді:

«Мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекеменің күрделі қаржы шығындары» 464067015 бағдарлама бойынша аудан мектептеріне жаңа формат бойынша мемлекеттік бейнелемелерді сатып алу үшін 3423,0 мың теңге бөлінді.

Павлодар аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы 51 кезектен тыс 6 шақырылымының № 51/231 шешімі негізінде «Мемлекеттік ведомстволық бағынысты мекемелер және ұйымдар күрделі қаржы шығындары» 464067015 бағдарлама бойынша жоспарлық қаржы бөлу 26100,0 мың теңгеге ұлғайды. Соның ішінде облыстық бюджеттен 10000,0 мың теңге Ольгинка ЖББОМ биология кабинетіне, Красноармейка ЖББОМ химия кабинетіне, Луганск ЖББОМ шатырын күрделі жөндеуге ақшалай қаражат 16100,0 мың теңге; өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 15962,2 мың теңге құрады, мердігер «Турбосервис-pv» ЖШС. Жұмыстар басталды.

«Жалпы білім беру» 464003015 бағдарлама бойынша.

Ямышев ЖББОМ шатыры мен терезесін ағымдағы жөндеуге 23127,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 23126,6 мың теңге құрады, мердігер «РЕАЛ-1» ЖШС. Жұмыстар өткізілуде.

Чернорецк № 1 ЖББОМ жылыту жүйесін ағымдағы жөндеуге 13730,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 9408,0 мың теңге құрады, мердігер «ВЕГА МАКС ПЛЮС» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Чернорецк № 2 ЖББОМ шатырын ағымдағы жөндеуге                     4620,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 3988,0 мың теңге құрады, мердігер «Рахат» фирмасы ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Заря ЖББОМ терезе блоктарын ағымдағы жөндеуге 20164,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 20163,9 мың теңге құрады, мердігер «ENDEAVOUR ПВ» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Мичурин ЖББОМ терезелерін ағымдағы жөндеуге 10000,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 8310,5 мың теңге құрады, мердігер «ENDEAVOUR ПВ» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Красноармейка ЖББОМ футбол алаңын ағымдағы жөндеуге 5383,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 5382,3 мың теңге құрады, мердігер «NV-LAB» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Аумақты абаттандыру ағымдағы жөндеуге (қырлы кеспе салу) Черноярка ЖББОМ 5242,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 4480,0 мың теңге құрады, мердігер «Рахат» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Аумақты абаттандыру ағымдағы жөндеуге (қырлы кеспе салу) Красноармейка ЖББОМ 5930,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 3921,0 мың теңге құрады, мердігер «Мираторг ПВ» ЖШС. Жұмыстар өткізілуде.

Аумақты абаттандыру ағымдағы жөндеуге (қырлы кеспе салу) Шақат ЖББОМ 5287,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, өткен конкурс қорытындысы бойынша сомасы 3808,0 мың теңге құрады, мердігер «Мираторг ПВ» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі 30 емдеу-алдын алу ұйымдары желісімен ұсынылған: 1 емхана; 10 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық бекет, сондай-ақ 3 ФАБ.

Медициналық көмекті 41 дәрігер және 131 орта медициналық қызметкерлер көрсетеді. 10 мың халыққа дәрігерлермен қамтамасыз ету 15,7% құрады, орта медициналық қызметкерлермен 50,2%.

2019 жылғы 1 тамыз жағдайына туберкулезбен науқастану көрсеткіші 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100 мың халыққа 59,1 құрады (2018 ж. – 59,2), аурудың 1,7%-ға төмендеуі байқалды. Облыстық көрсеткіші 100 мың халыққа 47,7 құрады (2018 ж. – 46,6).

Осы кезеңде қатерлі ісік диагнозымен «Д» есепте (онкологиялық ауру) 305 пациент тұр (2018 ж. – 299). Ауру көрсеткіші 100 мың халыққа өткен жылдың ұқсас кезеңінен 20,5%-ға төмендеді және 230,0 құрады (2018 жылы – 289,6). Облыстық көрсеткіші 100 мың халыққа 328,4 құрады (2018 ж. – 296,8).

  1. Жолдар

Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 202,1 км құрады, соның ішінде 125,8 км – асфальт жабынды және 76,3 км – топырақты және -топырақты – щебень жабынды.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар үлесі — 93,8% (189,57 км).

Жолдарды орташа жөндеу:

2019 жылы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қаржы қаражат бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатынан:

— Новоямышево – Ольгинка аудандық маңызы бар 13,1 – 21 шақырым (7,63 шақырым), сомасы 146307,0 мың теңгеге шарт жасады. Мердігер ұйым «АВМ-98» ЖШС. Жұмыстар аяқталу кезеңінде, жол жиектерін тегістеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан:

— аудандық маңызы бар Мичурин-Жамбыл (Үміт апа) жолы, 5,5-7,5 км (2 шақырым) учаске, 25410,1 мың теңгеге шарт жасалды. Мердігер ұйым «Дорстрой» ЖШС. Жұмыстар аяқталды. Жол пайдалануға қабылданды.

Облыстық бюджет қаражатынан:

Жаңа қала ауылында Комсомольская көшесі (0,35 шақырым), 12357,7 мың теңгеге шарт жасалды. Мердігер ұйым «Гордорстрой» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Жаңа қала ауылында Центральная көшесінің ағымдағы жөндеу (779 м2), 3483,2 мың теңгеге шарт жасалды. Мердігер ұйым «Дорстрой» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.

Аудандық бюджет қаражатынан:

— шарт бойынша 12134,2 мың теңге Сычевка ауылына кіреберіс (1,5 км). Мердігер ұйым «БонусСтрой» ЖШС. Жұмыстар аяқталды. Жол пайдалануға қабылданды.

— Новоямышево ауылында Құнаев көшесі (0,404 шақырым), шарт бойынша 5824,0 мың теңге. Мердігер ұйым «Ғұмыр» ЖШС. Жұмыстар басталған жоқ;

— Новоямышево ауылында Байтұрсынов, Тәуелсіздік және Пушкин көшелері (1,37 шақырым), шарт бойынша 25888,0 мың теңгеге. Мердігер ұйым «АВМ-98» ЖШС. Жұмыстар аяқталу кезеңінде, қалғаны белгілерді салу және жол белгілерін орнату.

2019 жылы аудандық бюджеттен бөлінді: жолдарды ұстауға 17,5 млн. теңге, соның ішінде аудандық маңызы бар жолдардың ағымдағы жөндеуіне 8,5 млн. теңге.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

13 ауылдық округтарда 13 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс атқарады, олардың 8 қызметтік автокөлігі бар.

13 қоғамдық құрамалар жұмыс атқарады, олардың ішінде 38 қоғамдық полиция көмекшілері.

Есеп кезеңінде 111 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, соның ішінде 62 – ұрлық, 1 – қастықпен өлтіру, 3 – тонау (2018 ж. – 115, соның ішінде 1 – қастықпен өлтіру, 80 – ұрлық).

Қоғамдық жағдай тұрақты түрде.