Бата беру-қазақтардың ежелгі және маңызды дәстүрі

 

Заря ауылдық клубында Наурыз айының бірінші күндері ««Атадан қалған асыл сөз» халықтық дәстүрлерін білу сайысы  өткізілді. Аталған байқау жастардың асыл сезімдерін тәрбиелеуге жақсы әсер ететін құрметті қарттардын ізгі және шынайы баталарын насихаттау мақсатында өтті.

Осы танымдық конкурсқа Заря ауылдық округінің балалары  мен жастары қатысты. Әділ қазылар алқасы батаның тәрбиелік және мазмұнды жағына барынша көңіл бөлді.

Бата беру сайысы  үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімнің тапсырмалары еркін тақырыптағы бата түрін айту, екінші тапсырма ең қиын болды: сайыс қатысушыларына билет арқылы берілген тақырыпқа бата беруге тура келді.

Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл мәдени іс-шараға 95 жастағы мерейгер Жақсылық Алжебайұлының қатысуы ерекше болды. Оған Аудан әкімінің атынан берілген  алғыс хаты және ауыл әкімі Р.Н. Қапанов сыйға тарту еткен шапан табысталды.  Шара соңында жақсылық Әлжебайұлының «Ақ батасы» жолданды.