Мемлекеттік қызметші күні

Іс-шараларды өткізу жоспарына сай Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлер күнін атап өтуде мәдени-көпшілік және оқу-ағарптушылық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында Павлодар ауданың «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» барлық ауылдық кітапханаларында оқырмандарға тақырыпқа сай «Мемлекеттік қызмет бүгінде», «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраны», «Халыққа және мемлекетке қызмет ету бәрінен де жоғары!», «Олардың еңбегі – Отанымыздың көркеюі үшін», т.б. кітап көрмелері  ресімделді. Сонымен катар, мемлекеттік қызметкерлермен бірге дөңгелек қстелдер, әдеби кештер өткізілуде. Оқырмандар танымдық байқаулар, викториналарға қатысып, презентациялар мен бейнероликтер көрсетілуде.