Павлодар ауданының ауыл мектептерінде кітап көрмелерін ұйымдастыру

 

Тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыруға арналған ауылдық кітапханалардың айлық жоспарларына сәйкес Чернорецк ауылының кітапханашысы Жарылғапова Бақыт Серікқызы ауыл мектебінде мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына арналған кітап-иллюстрациялық көрме дайындады. Дина Нұрпейісова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сияқты Қазақстанның әйгілі әйелдерімен, сонымен қатар Павлодар Ертіс өңірінің әйгілі әйелдерімен таныстыру мақсатында Ауыл әйелдерінің күніне арналған «Еңбек еткен-мұратқа жеткен» атты көрме-шолу оқырмандар назарына ұсынылған. Көрменің тұсаукесеріне аудандық мәслихаттың депутаты, №1 Чернорецкий орта мектебінің директоры Абылғазинова Әсия Ноянқызы қатысты.

Сонымен қатар ауылдық мектептер қабырғасында балалардың білімге деген қызығушылығын оята отырып, «Оқулықтарыңыздың ар жағында» атты кітап көрмесі ашылды. Жас оқырмандар «Балалар әдебиеті әлемі» сериясындағы әдебиеттермен танысты. Ақпараттық көрмені жасаған Набережная ауылының кітапханашы Жампейісова Раушан Рахметқызы. Ақпараттық көмек беретін кітаптар оқу процесінде көмектеседі және балалардың көкжиегін кеңейтеді. Ашылу салтанатына №2 Чернорецкий орта мектебінің директоры Айбенова Гүлнар Зейноллақызы қатысты.