Павылодар ауданының кітапхана қызметкерлерімен Семинар-кездесу

 

5 наурызда 2019 жыл Жастар жылына байланысты, Наурыз мерекесін тойлауға, мәдени-қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру жайында кітапхана қызметінің маңызда жақтарына бағытталған Павлодар ауданының кітапханашыларымен семинар өткізілді. Семинар барысында ауылдық кітапханалардың іс-шараларды түрлі әдіс-тәсілдермен өткізуі көрсетілді. «Рйхани жаңғыру» арнайы бағдарламасының аясында өткізілетін іс-шаралар жұмысы жайында айтылды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының іске асуына орай ОКЖ-нің барлық кітапханашылары ат салысатын 2019-2020 жылға жоспарланған Павлодар ауданының батыр-жерлестері жайлы электронды архивтің шығуына байланысты «Біз батырлар отанында тұрамыз» жлбасы  құрастырыллды. Бұл жұмыстың нәтижесінде барлық ақпарат, құжаттарды, деректерді қамтитын электронды базаның пайда болуы көзделіп отыр. Ауылдық кітапханаларда жинақталған архивтік деректер кең қауымға қолжетімді болатындай цифрлі форматқа ауыстырылуы тиіс. Семинар соңында 8 наурыз халықаралық мереке күніне орай кітапхана қызметкерлерін құттықтаумен аяқталды.