Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ рәміздер күні

         4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күніне Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық кітапханаларында тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды, іс-шаралар өткізілді.

«Шақат» ауылының кітапханасында балалардың Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, тарихи жәдігерлеріне және еліміздің халықтарының салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Заңмен өмір сүру үшін заңды білу» атты балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасу тарихындағы ресми рәміздерді дамыту ерекше орын алады. Кітапханашы рәміздер мағынасы туралы әңгімелеп берді. Балалар белсенділік танытып, түсі мен суреттері мағынасы жөнінде өздерінің білімін көрсетті. Көптеген оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды, елдің заңдары бойынша әдебиеттер ұсынылды.

Луганск ауылдық кітапханасында «Ұлттық рәміздер – Отанның айнасы» атты әңгімелесу ұйымдастылылды. Іс-шараға ауыл жастарының өкілдері мен мектеп оқушылары шақырылды. «Көк тудың астында» атты біздің елімізді, оның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірін, тарихи жолын көрсететін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашының кітап көрмесіне шолу жасау барысында тәуелсіз мемлекеттің алғашқы қадамдарының бірі өзінің туын, елтаңбасы мен әнұранын табу екенін атап өтті. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тек көркемдік бейнесі ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және отансүйгіштік туралы идеяларды қолдайды.

Мектеп оқушылары Оралбекова Асия және Тузиелева Ханшайым мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды. Қорытындысында іс-шараға қатысқандар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тарихы туралы фильм ұсынылды.