Павлодар ауданы мәслихаты шешімінің ЖОБАСЫ

Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Павлодар ауданыда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. Павлодар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Павлодар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 14/95 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5472 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 03.05. электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

                                                                                              

Павлодар ауданы

мәслихатының хатшысы                                                     А. Шайхимов

                           

 

 

 

 

 

Мәслихаттың  шешіміне           1-қосымша

 

 

Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

 

Р/с

Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Жиналыстарды, митингтерді, пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1 Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 30, Мәдениет үйі ғимаратының алдында
Шерулер, демонстрациялар өткізу үшін арнайы маршруттар
1 Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік-Достық-Тәшенов-Абай-Тәуелсіздік  көшелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәслихаттың шешіміне           2-қосымша

 

 

Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі (бұдан әрі – тәртіп), олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясындабелгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыру мақсатында әзірленді.
  2. Осы тәртіпте келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара;

2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын (бұдан әрі – арнайы орын) – республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты;

3) бейбіт жиналысты ұйымдастырушы – бейбіт жиналыс өткізуге бастамашы болатын, оны өткізуді ұйымдастыратын және бейбіт жиналыс барысы мен оған қатысушыларға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;

4) бейбіт жиналысқа қатысушы – бейбіт жиналысқа өз еркімен қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

5) жергілікті атқарушы орган – республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

6) іргелес аумақ – заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алынған, балансындағы ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңдары және басқа да объектілер шекараларына тікелей жанасатын аумақ (периметрі бойынша 5 метр шекарада).

 

  1. Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

 

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу күш қолданылмайтын сипат, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция және тараптар жауаптылығы қағидаттарына негізделеді.
  2. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
  3. Арнайы орындар санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол беріледі.
  4. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауы қажет. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
  5. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық шараларды қабылдауы қажет.
  6. Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық (оның ішінде шұғыл медициналық көмек пункттерін ұйымдастыру) және өзге де қажетті көмек беруге құзыреті шегінде жәрдем көрсету.

Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасамау мақсатында, арнайы орындардың периметрі сыртқы қоршаулармен жабдықталуы қажет.

  1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;

2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

4) қоғамдық тәртіпті және бейбіт жиналыстарға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке күзет ұйымдарын тартуға;

5) жергілікті атқарушы органмен келіспей киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға;

6) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;

7) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;

8) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;

9) үгіттеу мен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға тыйым салынады.

  1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының өкілдері ұйымдастырушы сияқты дәл сондай құқықтарды пайдаланады және дәл сондай міндеттерді атқарады.
  2. Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде бейбіт жиналыстарға қатысушыға:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;

2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыда жергілікті атқарушы органның тиісті келісімі болмаған кезде киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға;

5) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;

6) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;

7) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;

8) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға тыйым салынады.

  1. Бейбіт жиналыстар ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар ұйымдастырушысының ерекше белгісін тағуы қажет.
  2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет.
  3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде оларға қатысушылардың және басқа да адамдардың өмірін, денсаулығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер және (немесе) прокуратура органдары қызметкерлерінің талаптарын орындауға, ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде жәрдемдесу.
  4. Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі келтірмеуге, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуі, мүліктің сақталуы үшін бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасамауға міндетті.
  5. Бір арнайы орындарда бір уақытта біреуден артық бейбіт жиналыс өткізілмейді. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
  6. Арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді. Пикеттеу ұзақтығы, арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
  7. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
  8. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға жол берілмейді.
  9. Бейбіт жиналыстар Заңның 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы органның талап етуі бойынша тоқтатылады.
  10. Жергілікті атқарушы орган өкілінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары бейбіт жиналысты тоқтату жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды қабылдайды.
  11. Азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке бейбіт жиналыстар өткізу кезінде келтірілген материалдық залал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

 

  1. Арнайы орындардың шекті толу нормалары

 

  1. Арнайы орындардың келесі шекті толу нормалары анықталсын:

1) Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң – жиналысқа, митингіге қатысатын адамдардың шекті саны 80 адамнан аспайды.

  1. Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршруттарының шекті толу нормалары анықталсын:

демонстрацияға, шеруге қатысатын адамдардың шекті саны 100 адамнан аспайды.

  1. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысушы адамдар арасындағы ең төменгі жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
  2. Бір қатысушы жүргізетін пикеттеуді жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық 100 метрден кем болмайды.

 

  1. Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

  1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
  2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейне және фототүсірілім жасауға, дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіт құралдарын, Заңда көзделген жағдайларда көлік құралдарын, сондай-ақ дыбыс-бейне жазу техникасы құралдарын пайдалануға жол беріледі.

 

 

  1. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

 

  1. Павлодар ауданы аумағында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:

1) жаппай жерлеу орындарында және іргелес жатқан аумақтарда;

2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3) қаланың қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4)  қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда пикеттеуді жүргізуге тыйым салынады.