Сылдыр сөз, құрғақ уәде емес!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезіндегі келелі мәселелерді кеңінен қозғап, барымызды атап өтіп, кемшілігімізді санап көрсетіп, ендігі жерде олқылыққа жол берілмейтінін нақтылап берген сөзі қазір жұртшылықтың кең қолдауына ие болуда. Ұлт көшбасшысы атап өткендей Қазақстан дамудың жаңа кезеңінен түсті. Алдағы 10 жыл – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену жолына түсудегі шешуші уақыт болып табылады. Бұл бағыттағы басты артықшылық – азаматтардың лайықты өмір сүру сапасын қамтамасыз етуіне беріліп, ол тұрғындар кірісін көбейту мен халықтың күнкөрісі төмен жіктерін қолдау, азаматтардың тұрғын үй мәселелерін және аймақтың кешенді даму жолымен жүзеге асырылады.

«Nur Otan» партиясының XVIII съезінде мәлім етілген мақсаттарды түсіндіру үшін әрбір аймақта ақпараттық-имидждік топтар құрылып, алдын ала бекітілген кестеге сәйкес тұрғындармен кездесулер өткізілуде. Павлодар ауданында аталмыш топтың халықпен кездесулері Красноармейка ауылында көш бастады. Шараның өту орнына арнайы келіп, Президенттің бағдарламасы бойынша ресми түсіндірмені уәкілетті тұлғалардың өз ауыздарынан естуге жиналған жұрттың қарасы көп болды. Айтар болсақ, шамамен 150-ден аса адам жиынға қатысты.
Кездесу барысында көшпелі делегация мүшелері жалақысы аз тұрғындарға еңбекақыны арттыру, аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту, соның ішінде, көпбалалы отбасыларға қол ұшын беру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету сынды сұрақтарға байланысты ақпараттар берілді.
Оған қоса, красноармейкалық ағайынға денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және ішкі саясат саласының мамандары кеңес беріп, мүмкіндігінше сұрақтарына жауап берді. Сондай жанның бірі жалғыз басты ана атаулы әлеуметтік көмектің түсімі туралы сұрағымен жүгінді. Бұрыңғы күйеуі алимент төлеуден бас тартқандығын да айтқан әйел үш баласының бірінде туғанынан тілі мүкіс екен. Жыларман күйдегі әйелдің жанайқайы жоғары жақтағылармен естіліп, мәселе бақылауда болатыны айтылды. Тағы бір тұрғын жұмыссыздың бойынша жәрдемақы туралы сұрақ қойып, аталмыш жәрдемақыны рәсімдегенде ірі қара мал есепке алынады ма, жоқ па екендігін сұрап білді. Бұл сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап алынды.
Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Малика Қалиеваның айтуынша, осындай іспетті кездесулер 30 сәуірге дейін жалғасын табады екен. Келесі кездесу кестеге сәйкес 19 наурызда Шақат ауылында өтеді. Одан кейін 3 сәуірде – Чернояркада, 10 сәуірде – Новоямышевода, 17 сәуірде – Набережноеда, 24 сәуірде – Чернорецкте жүргізіледі.