Жол бойындағы қызметтің дамыту

 

Сіздің назарыңызға Павлодар ауданының жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының жұмысы туралы ақпаратты ұсынамын.

Павлодар ауданының аумағы бойынша 172,5 км Республикалық маңызы бар жолдар облыс орталығынан төрт бағыт бойынша өтеді.Бұл жолдардың бойында 8 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны орналасқан. Бұл негізінен тамақтандыру және сауда нүктелері сияқты қосымша қызметтері бар жанармай құю станциялары (7 нысан) және 1 жол жиегіндегі кафе.Әрбір объект туралы толығырақ әрі қарай талқылайтын боламын. Қазір мен ұлттық стандартқа тоқталғым келеді.
Стандарттың атауы – «Жалпыға ортақ жолдар, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына және олардың қызметтеріне қойылатын талаптар».
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Жаңадан енгізілген барлық жол бойындағы қызмет көрсету объектілері оған сәйкес салынуда.
Бұрын салынған нысандар үшін 2018 жылдың 1 шілдесінде аяқталған 3 жылдық өтпелі кезең қарастырылған.Стандартқа сәйкес, жол бойындағы қызмет көрсету объектілері «А», «В», «С» және «D» санаттарына бөлінеді.«А» санатының объектілері – жол пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтердің әртүрлі түрлері бар және бір аумақты қамтитын жол қызметтерінің көпфункционалды кешендері (қозғалыстың қарқындылығы тәулігіне 7000-нан астам автокөлік болған жағдайда орналастыру ұсынылады);«B» санатының объектілері – бұл жол бойындағы объектілердің кең ауқымды қызмет түрлерін ұсына, ұзақ уақыттық демалысқа арналған (қозғалыстың қарқындылығы тәулігіне 1000-нан астам автокөлік болған жағдайда орналастыру ұсынылады);«С» және «D» жол қызметтерінің объектілері қысқа уақыттық демалысқа және жол пайдаланушылардың өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған (қозғалыстың қарқындылығы тәулігіне 100-ден астам автокөлік болған жағдайда орналастыру ұсынылады).Анықтама: көлік қозғалысының қарқындылығы:

— Павлодар-Омск – 9246 бірлік;

— Павлодар-Семей – 14147 бірлік;

— Павлодар-Успенка – 4563 бірлік;

— Павлодар –Шарбакты 2057 бірлік.

 
1 – кесте – жол қызметі кешенінің құрамына байланысты жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін жіктеу 

Жол қызметінің міндетті объектілерінің атауы Жол бойындағы қызмет көрсету объектісінің санаты
А В С D
1 Жанармай құю станциясы + + +
2 Мотель, кемпинг +

25 нөмірден кем емес

+

10 нөмірден кем емес

3 Ыңғайлы (жылы) дәретхана + + + +
4 Қоғамдық душ бөлмелері + +
5 Бөлшек сауда нүктесі + + + +
6 Қоғамдық тамақтану пункті (о. о. – отыру орны) +

о. о 40-тан кем емес

+

о. о. 40-тан кем емес

+

о. о. 15-тен кем емес

7 Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясы + +
8 Автокөлікті жуу пункті + +
9 Тұрақ орындары автобустарға, жеңіл автокөліктерге, жүк көліктеріне жеке арналған тұрақ + + +
10 Күзетілетін автотұрақ + +
11 Пикник алаңы + + +
12 Сауда-ойын-сауық аймағы +
13 Медициналық көмек көрсету пункті + +

 Қазіргі жол бойындағы қызмет көрсету объектілеріБүгінгі таңда барлық жол бойындағы қызмет көрсету объектілері жарияланған санаттар бойынша Ұлттық стандартқа сәйкес келмейді.Омск-Павлодар-Майқапшағай М-38 автожолы1. Пресное ауылына бағытталған бұрылыста орналасқан жанармай бекеті (Ысқақов Қуандық Мұхарамұлы). Нысан жұмыс істемейді (кәсіпкерлік басқармасы және ұлттық оператор тізімдерінде көрсетілмейді).Жарияланған «D» санатына сәйкес келмейді. Ғимарат учаскенің эстетикалық көрінісңн бұзып тұр.Кәсіпкермен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Стандарттың талаптарымен таныстырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының нұсқауын тапсырдық. 2. ЖҚС «VTK Operating» ЖШС Чернорецк ауылының маңында орналасқан (Павлодар қаласынан 55 км). Кәсіпорын басшысы Аманжолов Бейбит.Көрсетілетін қызмет түрлері: ЖҚС, бөлшек сауда және тамақтану пункті.Қазіргі уақытта, жанар-жағар май станциясы компанияның қаржылық қиындықтарына байланысты уақытша жұмыс істемейді. Кафе белсенді жұмыс істейді, «Ахметова» ЖК-не жалға берілген, 20 отыру орны және бөлшек сауда нүктесі бар.«D» санатына сәйкес емес, ыңғайлы дәретхана қызметі жоқ.Кәсіпкермен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Стандарттың талаптарымен таныстырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының нұсқауын тапсырдық. 3. Новочерноярка ауылында (25 км) «Нариман» ШҚ-ның жол бойындағы қызмет көрсету кешені. Кәсіпорын басшысы Жаукенов Ерлан Құрмашұлы.Қызмет түрлері: ЖҚС, ГҚС, кафе, дүкен, қонақ үй, жайлы дәретхана.Нысан жұмыс істейді. «D» санатына қойылатын талаптарды қанағаттандырады, жарияланған «С» санатына дейін автобустарға, автокөліктер мен жүк көліктеріне жеке тұрақ, сондай-ақ пикник алаңын орнатуға тура келеді. Осы мәселе бойынша Ұлттық оператордың өкілдерімен бірге жолға шықтық. «ҚазАвтоЖол» АҚ қаражаты есебінен объектінің оң жағына пикник алаңын ұйымдастыру арқылы автотұрақ салу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл үшін кәсіпкер ұсынылатын жерді ресімдеп, оны операторға беруі керек. 4. Мичурино ауылы (18 км) жанында «Асхат» ШҚ-ның ЖҚС. Иесі – Нұрпейісов Қадырбек Кәкімұлы.Объект жанармай бекетінен, кафеден және дүкеннен тұрады. Қазіргі уақытта ЖҚС жұмыс істемейді. Кафе жұмыс істейді, «Аппетит» ЖК-не жалға берілген, 16 отыру орны және бөлшек сауда нүктесі бар.Жарияланған «D» санатына сәйкес емес, ыңғайлы дәретхана жоқ.
Түсіндіру сұхбатын өткіздік. Стандарттың талаптарымен таныстырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының нұсқауын тапсырдық.Кәсіпкердің айтуынша, егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимаратқа косметикалық жөндеу жүргізіп, ыңғайлы дәретхана орнату жоспарланған. 5. Новоямышево ауылының (43 км) кіреберісінде орналасқан «Беркетов» ЖК кафесі. Оның иесі – Беркетов Сапарбек Сұлтанұлы.Нысан жұмыс істейді, бірақ ешқандай санатқа сәйкес келмейді. Иесі кафені берген. Жалдаушы Нұрбаева Жанна (айына 30 мың теңге төлейді), 20 отыру орны бар. Ғимаратты жөндеу қажет (шатыр, қасбет, жылу жүйесі және т.б.). Кәсіпкер және жалдаушымен түсіндірме әңгіме өткізілді. Стандарттың талаптарымен таныстырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының нұсқауын тапсырдық. Павлодар – Успенка автожолы, мында келесі объектілер орналасқан:6. Ефремовка ауылында (33 км) «Тусупов» ЖК ЖҚС. Иесі Тусупов Жанат Жасқайратұлы.Нысан жұмыс істейді Мынадай қызметтер ұсынылады: ЖҚС, бөлшек сауда және тамақтану нүктесі.«D» санатына сай болу үшін ыңғайлы дәретхана салу керек. Кәсіпкермен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Стандарттың талаптарымен таныстырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының нұсқауын тапсырдық.Анықтама үшін: АИ-92 маркалы бензин бағасы 150 теңге, ДТ — 190 теңге. 7. Розовка ауылында (45 км) «Кабиева» ЖК-нің ЖҚС. Иесі Кабиева Лейла Амиржановна.Нысан жұмыс істейді. Жанармай құю станциясының қызметі көрсетіледі, оператор бөлмесінде сауда нүктесі және ыңғайлы дәретхана бар (тұтынушыларға қолжетімсіз). «D» санатына сай болу үшін ыңғайлы дәретхана қызметіне қол жеткізу қажет. Біз кәсіпкермен сөйлестік. Оны Стандарттың талаптарымен таныстырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының нұсқауын тапсырдық.
Иесінің айтуынша, қолайлы ауа райының басталуымен бөлек ыңғайлы дәретхана салынады.Анықтама үшін: АИ-92 маркалы бензин бағасы 149 теңге, ДТ – 190 теңге. 8. Павлодар-Шарбақты автожолында «Сұңқар Мұнай-ПВ» ЖШС-нің жанар-жағармай құю станциясы (25 км) орналасқан. Иесі Қайрулинов Арман Мейрманұлы. Жалдаушы – Қазымбетов Айдар Жабайұлы.Объект жанар-жағар май станциясын қамтамасыз етеді. Ғимаратта кафе (20 о. о.), дүкен жайлы дәретхана бар.Функционалдық тұрғыдан алғанда, мекеме «D» санатына сәйкес келеді, бірақ қазіргі уақытта ыңғайлы дәретхана және бөлшек сауда нүктесі қызметтері көрсетілмейді. Ғимаратты және ғимараттың қасбетін объектінің эстетикалық көрінісін қамтамасыз ету жөндеу қажет (екінші қабатты аяқтау керек).Жалға алушы объектіні стандартқа сәйкес келтіруге микрокредит алу үшін қадамдар жасауда. Түсіндіру жұмысын жүргіздік. Стандарттың талаптарымен таныстырып, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының нұсқауын тапсырдық.Бөліммен ұлттық оператор өкілдерімен бірге түсіндірме және хабарландыру жұмыстары жүргізілді. Жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің иелеріне шаралар қабылдау автокөлік жолдарын басқару бойынша ұлттық операторына жүктелді. Стандартқа сәйкес келтіру талаптарын сақтамаған жағдайда, «ҚазАвтоЖол» осы объектілерге қол жеткізуді шектейді. Жол бойындағы сервис саласын дамыту үшін Павлодар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен жалпы ауданы 174 гектарды құрайтын 3 жер учаскесі сақталған, бұл Розовка, Чернорецк және Новоямышево ауылдарының маңындағы 10 шақырымдық
жол бойындағы аймақтар.2019 жылдың 1 наурызында аудандық жер қатынастары бөлімі жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді, оның ішінде 2 жол учаскесі жол бойындағы сервис объектісін орналастыру үшін белгіленген (бастапқы баға 47,250 теңге). Сонымен қатар, биылғы жылы «С» санатындағы жаңа жол бойындағы қызмет көрсету объектісінің құрылысын бастау жоспарлануда, бұл «Сезім» ЖШС – Рахманов Сұңғат Оралбекұлы.Жоба 20 орынға арналған кафе, дүкен, 5 бөлмеден тұратын шағын қонақ үй, шиналарды монтаждау шеберханасын салуды ұсынады. Эскиздік жобасы әзірленуде. Инвестицияның алдын ала сомасы шамамен 35,0 млн. теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктерде «Даму» КДҚ қолдау құралдарын пайдалана отырып, несие алу жоспарланып отыр.    Бөлім басшысының м. а.                                      Х. Оразбеков