Индустриялды-инновациялық субъектілерден шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтініштерді қабылдау рәсімінің басталуы туралы хабарлама

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан – әрі Қоғам) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 75 қаулысмен экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты болып белгіленді.

Атап айтқанда, Қоғамға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға қызмет көрсету жүктелді.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған функцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 (бұдан – әрі Қағида) бұйрығымен бекітілген, Отандық өңделген тауарларды ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығыстарының бір бөлігін өтеу қағидасына Қазақстан Республикасы шегінде тауарларды тасымалдаумен байланысты шығыстарды өтеуді қоса отырып, өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, Қоғам Қағидаға сәйкес индустриялды-инновациялық субъектілерден шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтініштерді 2019 жылғы 29 сәуірі мен 1 қараша аралығында қабылдау рәсімінің басталуы туралы хабарлайды.

Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялды-инновациялық қызмет субъектілеріне оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесі негізінде және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде беріледі.

Қосымша: 1) Қағида 69 парақта;

                 2) Қағидаға сәйкес тауарлар тізімі 368 парақта;

                3) Ұсынылатын құжаттар тізімі 6 парақта;

                4) Презинтация 20 парақта;

                5) Байланыс деректері 2 парқта.

 

«Қазақстандық индустрия және

       экспорт орталығы» АҚ

      Басқарма Төрағасының

                орынбасары                                                   М. Бекмагамбетов