Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Правила на каз

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған құжаттар тізімі

 

1) сараптама актілерімен және/немесе индустриялық сертификатпен бірге «СТ-KZ», сондай-ақ «СТ-1» және/немесе «СТ-2» және/немесе «А» және/немесе «түпнұсқа» нысанындағы тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) төлем шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген шартқа қосымшаларымен бірге жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шарттың (шарттардың) көшірмесі;

3) шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім жасасу жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың 1-ші күнгі жағдай бойынша есепке алуды мемлекеттік кірістер органы жүргізетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға арналған жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шарт болмаған жағдайда – шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға арналған өтінімдердің көшірмелері;

4) Төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделсе), шот-фактуралардың (инвойстың) көшірмелері және/немесе орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілері, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді төлеу фактісін растайтын төлем құжаттары.

5) тауарды жеткізуге арналған шарттың көшірмесі;

6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысы және бас бухгалтері (бар болса) расталған тауарларды жеткізу бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің іс жүзінде шеккен шығындарын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:

тауарларды жеткізу шығындары бойынша жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған жасасқан шарт;

тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға байланысты жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шот-фактура;

тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға байланысты жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шот;

орындалған жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің актілері немесе тауарларды жеткізуді жүзеге асыруды растайтын өзге де құжаттар;

7) тауар-көлік жүк түбіршектердің құжаттарының, автомобиль және теміржол көлігінде жүкті қабылдау туралы квитанциялардың көшірмелері;

8) жасалған шарттар бойынша отандық өңделген тауарларды жеткізуге байланысты ақшалай қаражаттың түсуі туралы Қазақстан Республикасының резиденті — екінші деңгейдегі банктің анықтамасы;

9) 2 (екі) жылдан кем емес мерзімде тауарларды жеткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырғанын растайтын тасымалдаушыға қатысты ғана ұсынылатын құжаттардың көшірмелері;

10) тауарларды жеткізу кезінде пайдаланылған көлік құралының мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

11) тауарларды жеткізу кезінде пайдаланылған көлік құралының меншігінде немесе жалдауында болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың түрлері бойынша қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) тауарларды шетелде жарнамалауға арналған шығындар бойынша:

шетелде тауарларды жарнамалау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар және осы жарнамаға шығындарды растайтын құжаттар;

каталогтардың, газеттердің немесе өзге де баспа басылымдарының, мамандандырылған және жарнамалық журналдардың, тауарлар жарнамасы бар каталогтардың түпнұсқалары (оның ішінде тауар және өндіруші туралы жарнамалық мақалалармен);

телевизиялық жарнаманың бейне нұсқалары (USB флэш жинақтағыштар);

аудио және/немесе бейнероликтердің көрсетілуін растайтын құжаттардың көшірмелері (медиажоспарлар, эфирлік анықтамалар және/немесе жарнаманың расталған шығу кестелері);

радиодағы жарнаманың аудио нұсқалары (USB флэш жинақтағыштар);

шартқа сәйкес орындар мен жарнамалық алаңдарды толық қамтитын қоғамдық орындарда жүргізілген жарнама туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер;

шартқа сәйкес орындар мен жарнамалық алаңдарды толық қамтитын көлік құралдарының сыртқы беттеріне жүргізілген жарнама туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер;

шартқа сәйкес орындар мен жарнамалық алаңдарды толық қамтитын қоғамдық көлік салондарында жүргізілген жарнама туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер;

2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысуға арналған шығындар бойынша:

түсірілім орны мен күнін көрсете отырып, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысу туралы 2592х1944 пиксельден кем емес рұқсаты бар түрлі-түсті фотоесептер, кемінде 3 (үш) дана;

жарнамалық-тарату материалдарының түпнұсқа даналары;

ұшу және тұру бойынша құжаттардың көшірмелері: авиабилеттер, отырғызу талондары, шот-фактуралар және авиабилеттерді сатып алу және тұру бойынша орындалған жұмыстардың актілері, сондай-ақ олардың төленгенін растайтын құжаттар;

осы көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысу үшін қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі және іссапар куәліктері;

3) каталогты әзірлеу және басып шығару шығындары бойынша:

каталогтың түпнұсқасы;

каталогты тарату және олардың саны туралы бірінші басшының қолы қойылған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі анықтамасының түпнұсқасы;

жүкқұжаттың көшірмесі (каталогты пошта қызметі арқылы жөнелткен жағдайда);

көлік жүкқұжатының көшірмесі (авиа, авто, теміржол көлігі арқылы каталогтар жөнелтілген жағдайда);

4) шетелдегі өкілдікті, сауда алаңын немесе нүктесін, қойманы күтіп-ұстауға арналған шығындар бойынша:

өкілдікті тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

түсірілімнің орны мен күні көрсетілген өкілдіктің офистік үй-жайы фотосуретінің көшірмесі;

түсіру орны мен күні көрсетілген сауда алаңдары, қойманың фотосуретінің көшірмесі;

өкілдікті қаржыландыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;

5) шетелде тауар белгілерін (брендті) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар бойынша:

тіркеу құжаттарының көшірмелері (сертификаттар);

6) шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар бойынша:

тауарларды сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, рұқсаттар және басқа да құжаттар).

7) тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша:

жол парақтарының көшірмелері;

тауарларды автомобиль көлігімен жеткізген жағдайда — автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператордан алынған халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолының жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль өткізу пункттеріне дейінгі ұзындығы туралы мәліметтер.