Павлодарда «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесі ашылды

 

 

2020 жылғы 22 мамырда Павлодарда «Бизнес арналған Үкімет» кеңсесі өз жұмысын бастады. Ол Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша «Инвесторлар үйінің» бірінші қабатында орналасқан.

Кеңсе «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету залы болып табылады. Кәсіпкерлер палатасының, қаржы институттарының, даму институттарының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері заң, бухгалтерлік, маркетингтік және консультациялық қызметтер көрсетеді, соның ішінде отандық өндірісті дамыту мәселелері бойынша.

«Бизнес арналған Үкімет» ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Мамандар бизнестің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуының барлық кезеңдерінде жеке көзқарасқа уәде береді. Алдын ала бағалау бойынша микрокредит алу мерзімі үш есе қысқарады және 30 күннен аспайды.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер +7 705 609 2074 WhatsApp-желісіне немесе +7 7182 65 44 15 телефоны арқылы жүгіне алады.