«Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы  № 4-3/421 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер алу үшін қажетті жағдайлар жасалған:

  • мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне қолжетімділік қамтамасыз етілді;
  • қызметтер стандарттар мен регламенттерге сәйкес уақтылы көрсетіледі;
  • мемлекеттік қызметті алу үшін жөнінде түсіндірулер тұрақты негізде жүргізіледі.

Барлық мемлекеттік көрсетілген қызметтер «Е-лицензиялау», АШТМТ мемлекеттік деректер базасына уақтылы енгізіледі.

Сонымен қатар, Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің стендінде құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпарат орналыстырылды.

Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтер:

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігіжоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктерберу»

2) «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру»

3) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»

4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».