Тауарлар мен қызметтерді онлайн сату өзектілігі туралы Құрметті өңір кәсіпкерлері мен тұрғындары!

 

 

Соңғы оқиғалармен, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты а.ж. 15 наурызынан бастап 15 сәуіріне дейін тауарларды Интернет арқылы, бұл ретте электрондық ақшаны пайдалана отырып немесе қолма-қол ақшасыз төлемдермен төлем жасай отырып және өзінің жеткізу қызметіне ие болып, тауарды сату аса өзекті мәселе болуда. Бұл үшін #интернет-дүкен ашу немесе әлеуметтік желілерде парақшаны ашу қажет.

Сондай-ақ, Сіздерге электрондық сауда саласында айналысатын тұлғаларға қатысты салық преференциялардың әлі күнге дейін қолданыста болғанын еске салғымыз келеді.

Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы Сіздерді адамдар көп жиналатын орындарға барынша сирек баруға және жеткізу қызметтерін пайдалануға шақырады

Аман-сау болыңыз!