ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ «САУДА ҮЗДІГІ» КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

Осы Ереже сауда қызметі субъектілерін дамыту және жетілдіру, олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту және ішкі нарықта отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында әзірленді.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

ҚР сауда кәсіпорындарының табысты тәжірибесін анықтау және тарату; позитивті имидж қалыптастыру; сауда қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін және беделін арттыру, ҚР сауда саласындағы қызмет көрсету сапасы мен сервис деңгейін арттыру; өз жұмысында инновациялық тәсілдерді қолданатын ұйымдарды анықтау.

  1. Байқауға қатысушылар

2.1. Конкурсқа өз  қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы және барлық меншік нысанындағы сауда кәсіпорындары қатыса алады.

2.2. Ұйымның қызметі Байқау номинациясының біріне сәйкес болуы тиіс.

  1. Байқауды ұйымдастыру

3.1. Байқауды дайындау мен өткізуді байқауды ұйымдастырушы (бұдан әрі — ұйымдастырушы) Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы ҚР Экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда Комитетінің, ҚР Өңірлік даму министрлігі кәсіпкерлік комитетінің, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырады.

 3.2. Ұйымдастырушы:

байқауды ұйымдасттыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

байқауға қатысушыларға қажетті ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;

ұйымдардың республикалық байқауға қатысуға өтінімдерін тіркейді;

байқаудың стилистикасын әзірлейді;

байқау наградаларын әзірлеу мен дайындауды ұйымдастырады;

байқаудың полиграфиялық өнімдерін әзірлеуді, дайындауды және орналастыруды ұйымдастырады;

байқауды ақпарттық және жарнамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

іріктеу турын өткізуді және байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырады;

байқауды сапалы өткізу және жариялау үшін демеушілерді тартуға құқығы бар.

  1. Байқау комиссиясы

4.1. Байқауды өткізу үшін республикалық ведомствоаралық және облыстық байқау комиссиялар құрылады. Байқау комиссиясы мемлекеттік және атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылады. Байқау номинацияларына сәйкес сауда саласында кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесі бар қоғамдық ұйымдардың өкілдері байқау комиссиясының мүшелері бола алады. Түпкілікті шешім қабылдайтын адам Төраға болып табылады, ол жай көпшілік дауыспен сайланады. Сайлау хаттамамен ресімделеді.

4.2. Республикалық ведомствоаралық комиссия: бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын министрліктердің өкілдерінен, саудаға жетекшілік ететін облыс әкімдіктерінің өкілдерінен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұрады.

Комиссия жеңімпаздарды байқауға қатысушылардың ұсынылған материалдары негізінде белгіленген номинацияларға сәйкес іріктейді.

4.3. Облыстық байқау комиссиясы:

  • байқауға қатысу үшін ұйымдар ұсынған құжаттарды қабылдайды;
  • байқауға қатысушыларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді;
  • ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін сауда кәсіпорнына шығуды жүзеге асырады;
  • облыстық байқаудың жеңімпаздарын «Сауда Үздігі» номинациялары бойынша ұсыну үшін анықтайды;
  • Республикалық байқау комиссиясына облыстық байқау комиссиясының жұмыс қорытындылары бойынша хаттаманы бекітуге ұсынады.

4.4. Республикалық ведомствоаралық байқау комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған оның мүшелері санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда байқау комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

4.5. Қаржыландыру байқаудың ұйымдастырушылары мен серіктестерінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

  1. Байқау қорытындысын шығару

5.1. «Сауда Үздігі» байқау номинациясының жеңімпазы естелік белгісімен, экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау министрінің дипломымен марапатталады.

Республикалық байқауға қатысқан, бірақ лауреат болмаған байқауға қатысушылар Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының грамоталарымен және естелік белгісімен марапатталады.

5.2. Марапаттау рәсімі ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі басшыларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өткізіледі.

5.3. Үздік деп танылған жеңімпаздар кезекті «Сауда Үздігі» байқауында қабылдаушы тарап болып табылады.

  1. Байқауға құжаттарды ұсыну тәртібі

6.1. Байқауға қатысуға үміткер байқау комиисиясының мекен-жайына ұсынады:

осы Ережеге арналған қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға сауалнама-өтінім

6.2. Ұйымдардың байқауға қатысуға сауалнама-өтінімдерді ұсыну мерзімін Ұйымдастыру комитеті белгілейді.

  1. Байқау номинациялары

ҮЗДІК БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРНЫ;

ҮЗДІК КӨТЕРМЕ САУДА КӘСІПОРНЫ;

ҮЗДІК САУДА НАРЫҒЫ;

ҮЗДІК САУДА-ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ, КЕШЕН, САУДА ҮЙІ;

ҮЗДІК ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ;

ҮЗДІК ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ;

ҮЗДІК ШАҒЫН ФОРМАТТАҒЫ ДҮКЕНДЕР;

ҮЗДІК ЖЫЛ БАСШЫСЫ.

 Егер кемінде екі өтінім берілсе, номинация өтті деп саналады

  1. Байқауға қатысушыларды іріктеу жүйесі

 Байқау өткізу туралы әлеуетті қатысушыларды кеңінен хабардар ету, байқауды өткізу мәселелері бойынша сауда кәсіпорындарына кеңес беру байқау комиссиясының міндеттері болып табылады;

«Құпия сатып алушы» принципі бойынша байқау комиссиясы сарапшыларының байқауға түскен сауда кәсіпорындарына баруы. Бағалау парағы келесі көрсеткіштер мен баллдық шкаладан тұрады:

  • баға сипаттамалары – орташа, төмен, жоғары бағалар – (1-ден 5 баллға дейін);
  • тауарлардың ассортименті – кең, Қазақстандық тауар өндірушілер өнімдері – (1-ден 5 баллға дейін);
  • тауарлардың сапасы – оның қауіпсіздігі мен сапасын растайтын ілеспе құжаттардың және дұрыс ақпараттың болуы, пікірлер мен ұсыныстар кітабының болуы – (1-ден 5 баллға дейін);
  • қызмет көрсету мәдениеті – униформаның болуы, персоналдың сыртқы түрі, персоналдың сәлемдесуі және достасуы, уақытында қызмет көрсетуі – (1-ден 5 баллға дейін);
  • ИСО 9000 сапасын бақылау және басқару жүйелерін стандарттауды енгізу;
  • басқа объектілерге қатысты орналастыру қолайлығы (1-ден 5 баллға дейін);
  • көлік желісіне қатысты орналастыру ыңғайлылығы (1-ден 5 баллға дейін);
  • жұмыс тәртібі (1-ден 5 баллға дейін);
  • интерьер – жалпы тазалық, сауда жабдықтарының жай-күйі, тауарлардың көрсетілуі, баға белгілерінің болуы және олардың тауарларға сәйкестігі, дүкеннің айналасындағы қозғалыс ыңғайлылығы және т.б. — (1-ден 5 баллға дейін);

—   қайырымдылық – қайырымдылық бағдарламаларының болуы, қаланың, ауданның, облыстың әлеуметтік бағдарламаларына қосқан үлесі (1-ден 5 баллға дейін);

—     аумақты абаттандыру және күтіп ұстау — ғимараттың қасбеті, атауы, кіреберісі, іргелес аумақтың тазалығы, пандустардың болуы — (1-ден 5 баллға дейін);-     еңбек жағдайларының гигиеналық талаптарға сәйкестігі — (1-ден 5 баллға дейін);-     үй-жайлардың санитарлық-техникалық жағдайы — (1-ден 5 баллға дейін).

Жеңімпаз әр номинация бойынша ең көп жинаған баллмен анықталады.