Қарапайым заттар экономикасы

 

Тетікті іске асыру шеңберінде екінші деңгейдегі 9 банк қатысады:

  1. «Нұрбанк»АҚ;
  2. «Банк ЦентрКредит»АҚ;
  3. «ForteBank»АҚ;
  4. » Жусанбанк» АҚ («Цесна банк» АҚ);
  5. «Еуразиялық Банк»АҚ;
  6. «Банк «Bank RBK» АҚ;
  7. «АТФ Банк»;
  8. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
  9. «Сбербанк»АҚ.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары:

Кәсіпкер ЕДБ-те номиналды сыйақы мөлшерлемесі 15%-дан аспайтын несие ресімдейді, оның ішінде 8% ЖКС төлейді, ал 7% — ын «Даму» ҚДҚ субсидиялайды.

АӨК субъектілері үшін пайыздық мөлшерлеме 15%, оның 10% — ын АШБ субсидиялайды, 5% — ын кәсіпкер төлейді.

Негізгі құралдарды сатып алуға несиелердің субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 жылдан артық емес.

Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған несиелерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан артық емес.

«БЖК-2020» шеңберінде қызмет көрсету және өңдеуші өнеркәсіп, сондай-ақ АӨК-де қайта өңдеу жобалары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау жүзеге асырылады.

Кәсіпкерге несие беру үшін негізгі талаптардың бірі қолайлы ЭҚЖЖ болып табылады. Бағдарламаның шарттарымен 65 ЭҚЖЖ анықталды, оның ішінде:

— азық – түлік тауарлары — 20 ЭҚЖЖ (Анықтамалық: ауыл шаруашылығы 6 ЭҚЖЖ);

— азық-түлік емес тауарлар – 7 ЭҚЖЖ;

— үй бұйымдары және кеңсе үшін – 15 ЭҚЖЖ;

— құрылыс материалдары – 5 ЭҚЖЖ;

— өзгесі – 15 ЭҚЖЖ.

Бұрынырақ кәсіпкерлік және сауда басқармасымен потенциалды қарыз алушылардың қолайлы ЭҚЖЖ тізімі құрылды. Облыс бойынша 4000 жеке кәсіпкерлік субъектілерінен Павлодар ауданына 681 кәсіпорын тиесілі, оның ішінде: ШҚ – 523, ЖК – 123, ЗТ – 35.

 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру

 

Аталған бағдарлама бойынша Павлодар облысы әкімі және аудан әкімі арасында жасалған меморандумға сәйкес ағымдағы жылға 20 жобаны іске асыру жоспарланған.

Қазіргі уақытта 4 жоба несие алды:

  1. «Ертіс» ШҚ, Хренов В. В. («Нұрбанк» АҚ) сомасы 330 млн. теңге;

ШҚ мал шаруашылығымен айналысады. Бұл несие Чехиядан импорттық малды сатып алуға алынған  (2019 жылы пайдалануға берілетін 400 басқа арналған СТФ құрылысы аясында). Мал сатып алуға шарт жасалды, 30% көлемінде төлем төленді. Мал іріктелді, жолда. Келу күні 10.07.19 ж.

  1. «Маяк» ШҚ, Е.Т.Әлмағамбетов («Нұрбанк» АҚ) 100 млн. теңге сомасына;

ШҚ өсімдік шаруашылығымен айналысады. Бұл несие қойма жабдықтары мен техниканы сатып алуға арналған. Шарттар жасалды.

  1. «Маяк» ШҚ, Е.Т. Әлмағамбетов («Нұрбанк» АҚ) айналым қаражатын толықтыру үшін, 30 млн. теңге көлемінде;

ШҚ өсімдік шаруашылығымен айналысады. Бұл несие гербицидтерді сатып алуға және өсімдіктерді қорғау құралдарына алынған.

  1. «Құсаинова» ЖК, М. А. Кусаинова («БанкЦентрКредит» АҚ) айналым қаражатын толықтыруға 2,5 млн. теңге көлемінде.

ЖК ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады. Бұл несие сүт өңдеу цехын кеңейту үшін жабдықтарды сатып алуға алынған. Ресей Федерациясынан ұзақ пастерлеу ванналарын, сүт сорғыш, сүт ағының өлшеуіш және сүт сапасының  анализаторын жеткізуге шарт жасалды.

 

Сонымен қатар, құжаттарды жинау кезеңінде 3 жоба бар:

1) «Агроком» ШҚ, М.М. Есалиева («RBK банк» АҚ, «Jusan bank» АҚ) сомасы 60,0 млн. теңге, айналым қаражатына. Кепілзаттық қамтамасыз етуден «Даму» қорынан 50% түрінде кепілдік беріледі.

2) «Манас» ШҚ, Н.А. Заитов («Форте банк» АҚ) 30,0 млн. теңге сомасына, 100 бас ірі қара мал сатып алу үшін. Бизнес-жоспарды әзірлеу және шарт-ниетті жасасу дайындалуда;

3) » Тамара-агро» ЖШС, Г.А. Жәңгірова («Қазақстан Халық банкі» АҚ) жалпы сомасы 8,0 млн. теңге, айналым қаражаты;

 

Дайындау сатысында 3 жоба бар:

1) «Московка» ШҚ, М.С. Сүлейменова (Банк таңдалмаған) 30,0 млн. теңге сомасына 100 бас ірі қара мал сатып алуға;

2) «Шонай» ШҚ, Б.А.Рақышев (Банк таңдалмаған), сомасы 10,0 млн. теңгеге жылыжай салу.

3) «Жұлдыз» ШҚ, М.Ш. Қазиев (Банк таңдалмаған) Занғар ауылдық округінде сомасы 25,0 млн. теңгеге жол бойындағы сервис құрылысы.