Құрметті кәсіпкерлер!

А.ж. қазан айының басында Павлодар қ. сауда кәсіпорындарының «Сауда үздігі-2019» Республикалық конкурсы өтеді. 

Конкурстың нақты күні қосымша хабарланады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер екі кезеңде қабылданады. Біріншісі – облыстық деңгейде, екіншісі – республикалық.

Облыстық деңгейде өтінімдерді қабылдау 12 тамыздан басталады және 2019 жылдың 9 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Конкурстың басты шарттары:

1) Кәсіпорынның қызметі туралы бейнероликтің болуы (хронометраж 5 минуттан артық емес, дыбыстың бейнеге сәйкес болуы тиіс, роликтің форматы: алдымен басшы туралы кадрлар, содан кейін ұжым туралы кадрлар, содан кейін барлық нормаларға сәйкес болуы (өрт гидранттары, бірыңғай әмбебап форманың болуы және т. б.);

Бейнеролик флеш-жинақтағышта (қайтарымсыз) ұсынылуы тиіс.

2) Қағаз тасығыштағы кез келген үлгідегі фотосуреттер альбомының болуы;

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

— үздік бөлшек сауда кәсіпорны;

— үздік көтерме кәсіпорын;

— үздік сауда нарығы;

— үздік сауда-ойын-сауық орталығы, кешен, сауда үйі;

— үздік жол бойындағы сервис;

— үздік демалыс аймағы;

— шағын форматтағы үздік дүкендер;

— жылдың үздік басшысы.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияның мекенжайына: қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімді жіберу қажет.

Конкурстың облыстық кезеңінің үйлестірушілері:

1) Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі, мекенжайы: Павлодар қ., Каирбаева көш., 32, 3-қабат, 306-кабинет, байланыс телефондары: 8 (7182) 323093, 322989, e-mail: hamza_orazbekov@mail.ru, otdelshpvl@mail.ru.  Байланыс орнататын тұлға – Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі басшысының м. а. Оразбеков Хамза Оралбекұлы, бөлімнің бас маманы Алдоңғар Меруерт.

2) Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімі, мекенжайы: Луговая көш. 16, 3-қабат, 319-каб., байланыс телефондары: 8 (7182) 660311 (5553, 5515), e-mail a.iskakova@atameken.kz. Байланыс орнататын тұлға – Палатаның жобаларды қолдау бөлімінің эксперті  Салькен Аида Жангировна, бөлімнің маманы Искакова Айман.